Волейбол: АЛАҢ ИЕЛЕРІ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНДА

1  132 көрілім

Қараша айының 21-23 жұлдызы аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» ұйымдастыуымен қасиетті қаламызда мүгедектер арасында тұрып ойнау волейболынан ҚР чемпионаты өтті. Жалпы саны 6 команда қатысқан біріншілікте Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары және Жаңаөзен қаласынан келген спортшылар бақ сынады.

Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда пандемияға байланысты көптеген қалалық, облыстық, республикалық, Халықаралық жарыстар кейінге шегерілді. Соған қарамастан барлық сақтық шараларын сақтап қаламыздағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі волейболшылар арасында ел біріншілігін қабылдауға шешім қабылдап, үш күн бойы спорт кешенінде тартысты ойындардың куәсі болдық. Спортшылардың мүмкіндігі шектеулі болуларына қарамастан барлығының өмірге деген құштарлығы жоғары,-дейді жарыстың бас төрешісі Қуат Айдарбеков.
Спорттық доданың қорытындысы бойынша 1-ші орынға Маңғыстау облысының командасы ие болса, 2-ші орынды Түркістан облысының волейболшылары қанжығаларына байлады. Ал, 3-ші орынға лайықты деп Ақтөбе облысының құрамасы танылды. Сондай-ақ, ел біріншілігінде жақсы ойын өрнеген көрсеткен спортшылар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» номинацияларына ие болды. Жеңімпаз командалар кубокпен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы