«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

650 көрілім

«Ақ жол» демократиялық партиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды http://yassy-tur.kz/ www.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Партияның сайлауалды XVI съезінде үміткерлер тізімі бекітілді. Аталған тізімде 38 кандидат бар:

  • 1. Әбділманова Ботагөз Төңкербайқызы, қаржы сарапшысы, аудитор. Нұр-Сұлтан қаласы
  • 2. Әбжанов Тұран Әлімханұлы, 25 жаста. Жас кәсіпкер. «Заңғар» сауда үйінің құрылтайшысы, қазақ тіліндегі бірінші бизнес-мектептің және «World-Class-Шымкент» әмбебап фитнес-клубының басшысы.
  • 3. Әбілдаев Азамат Рахатұлы, «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры. Жамбыл облысы, Мәжілістің 5 шақырылым депутаты.
  • 4. Әрбиев Қанат Төлебайұлы, Алматы қаласы, «FOOD INVEST GROUP» ЖШС бас директоры.
  • 5. Бадашев Алмаз Бекетұлы, Батыс Қазақстан облысы, «West Gas Oil РТЕ. LTD» ЖШС басшысы.
  • 6. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы, Мәжілістің 6 шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы басшысының орынбасары.
  • 7. Васильев Дмитрий Владимирович, «СемАЗ» акционері, қазақстан агроинновациялық корпорациясының құрылтайшысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары.
  • 8. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы, Мәжілістің 6 шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары.
  • 9. Елубаева Марал Қуандыққызы, Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессоры, декан орынбасары.
  • 10. Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Атырау облысы, «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» ЖШС бас директоры.
  • 11. Еспаева Дания Мәдиқызы, Мәжілістің 6 шақырылым депутаты, Қазақстан президенттігіне үміткер болған бірінші әйел, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
  • 12. Жампейісов Рамазан Көпесбайұлы, Нұр-Сұлтан қаласы, «Эко-Жер» экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры.
  • 13. Жұмабаева Айгүл Қызырқызы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің хатшысы, парламенттік фракция аппаратының басшысы.
  • 14. Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы, Еуразия университеті жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры.
  • 15. Жұтаев Махаббат Сағынбайұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика саласындағы бірқатар ЖШС құрылтайшысы.
  • 16. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті, ақын, публицист. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
  • 17. Қабикенова Мәрияш Майрамбайқызы, Алматы облысы, «Жетісу» кәсіби басқарушылар одағының төрағасы.
  • 18. Қазбекова Меруерт Айткажықызы, Мәжілістің 5 және 6 шақырылым депутаты, Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағының төрағасы.
  • 19. Кенесары Алмас Үсенұлы, Нұр-Сұлтан қаласы, «Өркендеу-холдинг» бас директоры.
  • 20. Құттыбаев Еркен Жұмағатұлы, «Кедентранссервис» АҚ атқарушы директоры.
  • 21. Линник Андрей Григорьевич, Алматы қаласы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Аспара Мұнай» компаниясының акционері және басшысы.
  • 22. Момышев Болат Амангелдіұлы, Жамбыл облысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер.
  • 23. Молдашева Әйгерім Қанаткызы, «AirAstana» компаниясы Боинг 767 ұшқышы, АҚШ Оңтүстік Калифорния университетінің магистранты. 24. Никитинская Екатерина Сергеевна, Мәжілістің 5 және 6 шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары.
  • 25. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы, Түркістан облысы, «Гранд-Ханака» ЖШС бас директоры.
  • 26. Омаров Талғат Төлегенұлы, Шығыс Қазақстан облысы, «КАЗПОЛИГРАФ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 27. Өмірғали Ерлік Қайдарұлы, Ақмола облысы, «Алуа-Строй» ЖШС құрылтайшысы және басшысы.
  • 28. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжілістің 5 және 6 шақырылым депутаты. 29. Рақышева Әлия Болатқызы, «Koles А» компаниялар тобының GR-директоры.
  • 30. Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ақ жол» партиясы төрағасының кеңесшісі, «Мабекс Трэйд» ЖШС бас директоры.
  • 31. Рупатова Мәриям, Нұр-Сұлтан қаласы, «ERG коммерциялық орталығының» сарапшысы.
  • 32. Сәрсенов Сағиятулла Өмірзақұлы, Алматы облысы, «Іле корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Мәжілістің 5 шақырылым депутаты.
  • 33. Сатыбаев Фуат Сайдахметұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Мойылды санаторийі» АҚ бас директоры.
  • 34. Сембинов Азат Талғатұлы, жас кәсіпкер, «KBT-group» IT-компаниясының құрылтайшысы және басшысы. 2019 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.
  • 35. Тәжібаева Ғазиза Бақтиярқызы, Маңғыстау облысы, «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар қанатының жетекшісі.
  • 36. Хамзин Ғани Болатұлы, Солтүстік Қазақстан облысы, 26 жаста, жас кәсіпкер, «Стройинтеграция» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры.
  • 37. Шашкин Шыңғыс Сақайұлы, нейрохирург, «Шашкин-клиник» құрылтайшысы және директоры. 2018 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.
  • 38. Шойбекова Яна Александровна, Алматы қаласы, «BILLBOARD-VIDEO» компаниясының бас директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы