БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАРҚЫН БОЛМАҚ

989 көрілім

Елбасы Н.Назарбаев «Бес әлеуметтiк бастамасын» жариялаған болатын. Онда Мемлекет басшысы әрбiр отбасына баспана алудың жаңа мүмкiндiктерiн жариялады. Жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесi келесi жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 есеге азайтылмақ. 2022 жылдың соңына дейiн 75 мың орындық жатақханалар салынады. Өзiн-өзi еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсiпкерлiктi дамытуға тың жол ашылмақ.

Бүгiнгi таңда барша әлем төртiншi өнiркәсiптiк революция дәуiрiне, яғни технологиялық, экономикалық және әлеуметтiк салалардағы терең және қарқынды өзгерiстер кезеңiне қадам басып отыр. Бұл жаңа технологиялық дәуiр бiздiң қалай жұмыс iстейтiнiмiздi, азаматтық құқықтарымызды қалай iске асыратынымызды, жас ұрпақты қалай тәрбилейтiнiмiздi түбегейлi өзгертетiнi сөзсiз.

Елбасы отандастардың жаһандық өзгерiстерге дайын болуы қажеттiгiн ескерiп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдады. Сондай-ақ, озық дамыған 30 елдiң қатарына кiру мақсатын алдымызға қойып отыр. Осы орайда «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары жүзеге асырылу үстiнде. Қазiргi уақытта Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы бастау алып, елiмiзде индустрияландыру бағдарламасы табысты iске асырылуда. «Цифрлы Қазақстан» кешендi бағдарламасы қабылданып, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейiнгi дамуының кешендi стратегиялық жоспары жасалды.

Елбасының жыл сайынғы дәстүрлi Жолдауын Қазақстан халқы асыға күтедi. Бұл көрiнiс мұндағы айтылған жұмыстардың мүлтiксiз орындалып келе жатқандығының нәтижесi деп бiлемiн. Атап айтқанда, Жолдаудағы бiлiм алудың қолжетiмдiлiгiн, кәсiпкерлердiң инновациялық идеяларына қолдау екенiн атап өттi. Биылғы Жолдауда әртүрлi бағыттар бойынша кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және өндiрiс процестерiн цифрландыруға қатысты 10 басым бағыттарын айқындап бердi.

Е.ЖҰМАХАНҰЛЫ,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дiң студентi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы