ӘЛЕУМЕТТIК МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ

1  332 көрілім

Мемлекет басшысы ұсынған «Президенттiң әлеуметтiк бес бастамасы» барлық қазақстандықтарға ерекше сый iспеттес қадам болды.

Бүгiнде елiмiзде 4 млн-нан астам отбасы бар. Ендi солардың барлығына тың мүмкiндiк туып отыр. Ол үшiн «7-20-25» атты Президенттiк бағдарлама жүзеге асырылмақ. Бағдарламаға сәйкес жұмыс iстейтiн адамдарға 7% мөлшерлеме бойынша 25 жылға ипотекалық несие берiлетiн болады.

Бұл ретте бастапқы салым мөлшерi баспананың жалпы құнының 20%-ынан аспайды.

Ал, екiншi бастамада айтылған жалақысы төмен азаматтар үшiн салық мөлшерiн азайту жалдамалы жұмыскерлердiң, оның iшiнде әлеуметтiк қызмет көрсету саласында еңбек ететiн және техникалық персоналдың жалақысының өсуiне ықпал ететiн болады.

Елбасы салыстырмалы түрде төмен еңбекақы алатын қазақстандықтардың жағдайын ойлап, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың табыс салығын 10 есе – яғни, 1%-ға дейiн азайтуды ұсынып отыр. Оған қоса, үнемделген қаражатты олардың жалақысына қосу да қарастырылған.

Үндеудегi үшiншi бастама – жоғары бiлiм алудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту. Бұл орайда елiмiз бәсекеге қабiлеттi мемлекет болуы үшiн кадр мәселесiн жан-жақты шешу керек, әсiресе халықаралық стандартқа сәйкес келетiн маман даярлануы қажет.

Кiрiсiң мол болуы үшiн әрине бiлiктiлiгiң жоғары болуы маңызды. Бiлiктiлiк бiлiммен келедi. Сондықтан бiлiмге ұмтылу уақыт озған сайын аса өзектi мәселеге айналуда. Жоғары бiлiктi мамандарсыз 21-ғасырдағы озық 30 елдiң қатарына қосылу мүмкiн емес. Мiне, сондықтан Мемлекет басшысы жоғары бiлiмге қолжетiмдiлiктi және оның сапасын арттыру мiндетiн қойды.

Үндеудiң төртiншi бағытында айтылған мемлекеттiң бүгiнгi басты мiндетiнiң бiрi – жаппай кәсiпкерлiктi дамыту. Ресми деректер бойынша биылғы қаңтар айында өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар – 2 млн-нан, ал жұмыссыздар саны 440 мыңнан астам адам болған. Шағын несие берудi 2018 жылы 14 мың адамды қамти отырып, былтырғыдан екi есе деңгейге, яғни 62 млрд теңгеге дейiн көбейту туралы шешiм халыққа деген қамқорлықтың көрiнiсi.

Бесiншi қадам елдi мекендердi газдандыруға бағытталған. Қазiр елiмiздегi тұрғындардың 50%-ға жуығы газбен қамтамасыз етiлген. 9 облысқа газ тартылған. Дегенмен, орталық және солтүстiк өңiрлер, оңтүстiктiң кейбiр өңiрлерi әлi де газсыз отыр. Бұл 3 миллионға жуық адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестiң жаңа өндiрiстерiн ашуға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ экология да жақсарады. Газға көшу зиянды қалдықтардың ауаға таралуын бiрнеше есеге немесе жылына ондаған мың тоннаға азайтады.

Қорыта айтқанда, «Президенттiң әлеуметтiк бес бастамасы» – ұлттың бақуаттылығының негiзi болып табылатын әлеуметтiк бiрлiктi нығайтуға бағытталып отыр. Бұл туралы жақында «Нұр Отан» партиясы Түркiстан қалалық филиалында жан-жақты талқылаулар өттi. «Нұр Отан» партиясы Түркiстан қалалық филиалы бойынша бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өткiзу кестесiне сәйкес барлық бастауыш партия ұйымдарында Елбасы Н.Назарбаевтың Үндеуiн және Партиялық жаңғыру аясында бастамашыл партиялық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы кеңiнен талқыланды.

Ж.ДАРИБАЕВ,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дiң Аккредитация және рейтинг орталығының басшысы, х.ғ.к., доцент, “Нұр Отан» партиясы Түркiстан қалалық филиалы “Тұран” бастауыш партия ұйымының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы