АРАҒА ЖІК ТҮСПЕСІН

660 көрілім

Туған, өсіп-өніп, өмір сүріп келе жатқан алтын бесігім – Түркістан болғандықтан ба, түбіміз бір туысқан өзбек халқымен біте қайнасып, туған бауырдай болып кеткеннен де шығар Шорнақтағы бірнеше азаматтардың жанжалдасып, ерегісі төбелеске ұштасқан оқиғаның республика жұртшылығына қайта-қайта жариялануы менің жаныма ауыр әсер еткенін амал жоқ айтуыма тура келді.

Жаһанға жар салатындай оқиға етіп көрсету кімдерге абырой. «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген принциппен де ата-бабаларымыз өмір сүрген. Біздің жастық шағымыз риясыз туыстық, достық жағдайда өтті ғой. Өткен өмірге шолу жасасам, еріксіз еске түсе береді. Өзбек достармен Алматыға барып жүреміз. Сонда, олар: – О, Түркістанның өзбектері келді деп, төріне шығаратын. Тәшкенге барамыз өзбек достармен. Олар: -О, Түркістанның қазақтары келді,- деп қарсы алушы еді. Бәріміз мәз болушы едік.

Енді орын алған өкініштің орнын гуманистік өнегелі амалдармен толтыру әрбір Түркістан өңірінің азаматтарының азаматтық міндетті борышы деп қабылдауы керек. Мемлекеттік қажеттіліктен Түркістанға қарасты ауылдар көрші Кентау қаласына бағынысты қарағанымен, бұлардың тарихы да, тағдыры да Түркістан орталығынан ажырамайды. Сондықтан, Елбасының арманды мақсаты бүкіл түркі қанды жұртты Түркістан кіндігін Түркістанға байлау үшін әрекет жасап жатқанда түркістандықтар көп нәрсеге кең көлемде, аса жауаптылықпен қарауымыз керек.

Нұрмахан НАЗАРОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы».

Сурет ашық дереккөзден алынды.       

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы