ПРАЙМЕРИЗ – МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

574 көрілім

Құрметті түркістандықтар!
Өздеріңізге белгілі, 17 тамыздан бастап «Nur Otan» партиясымен іске асып жатқан, еліміздің жандануына серпін беретін ішкі праймериз бастау алды. Ашық қоғам құруды, халықпен кері байланыс жасауды мақсат еткен игі бастамада әр жерлесіміздің көңіл түкпіріндегі, көкейіндегі сауалдары сөзбен емес, іспен дәлелденбек. Сол себепті де, әр өтінім беретін азаматтың халыққа деген жанашырлығын көрсете білуі үшін халық арасынан шыққан жандарды барынша шақыруға тырысып бағудамыз. Және әлі де шақырудан шаршамаймын. Себебі, бұл тұрғын үшін де, үміткер үшін де жақсы бастама, қолдау және мүмкіндік. Қарапайым азаматтар арасынан «елім, халқым» деп, бүкіл күшін аянбай жұмсап, қызмет ететіндер бар. Дегенмен, осы азаматтардың үлкен науқанда қалыс қалмай, өз пікірлерін ашық айтуын, мұндай мүмкіндіктен қалыс қалмауын сұрар едім.

Бүгінде Түркістан қаласында 9000-ға жуық партия мүшесі мен 16 бастауыш партия ұйымы бар. «Nur Otan» партиясының Түркістан қалалық филиалында қазірде праймериз бойынша өтінім қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде. Праймеризде партия мүшелері үміткерлерге дауыс беріп, сол арқылы кадрлық резерв жасақталады. Жалпы қалада дебат өткізу «Nur Otan» партиясының «Open space» үлгісіндегі ғимаратында өтеді. Ал, дауыс беру бастауыш партия ұйымдарында іске асатын болады.

Бүгінгі күнде, яғни екі тәулікте 13 адам өтінім білдірсе, оның 3-нің өтінімі кері қайтарылды. Сол себепті, партия жариялаған құжаттар тізіміне барынша назар салу – карантин режимінде өзіңіздің денсаулығыңыз үшін де маңызды екенін ескерте кеткім келеді. Әр өтінімге филиал қызметкерлерімен қатар, «Жастар практикасы» арқылы да жастарымыз тартылып, сеп беруде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр игі бастамасы өз жемісін беріп келеді. Тұңғыш Президентіміз айтқандай, қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Нағыз патриот – өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот – кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар. Бұйырса, рухани шаһар жұртына бар күш-жігерін сарпып қызмет етер жандарды күтеміз!

Құрметпен, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы