ЖАСТАРҒА ЖАҚЫН ІСКЕР БАСШЫ

953 көрілім

Қазіргі таңда елдің дамуы жолында жастармен жұмыс жасау оңай дүние емес. Ел ертеңі жолында жұмыс жасап жүрген жандармен тіл табыса алудың өзі бізді қуантады. Осы ретте мен қала әкімі Рашид Аюповтың еңбегін айтқым келеді. Әрине, шаһар басшысы туралы жазу мен үшін қиындау екенін білемін. Дей тұрғанмен, ол кісі қала әкімі болып тағайындалғаннан бастап атқарған жұмысының бір төбе екенін бірі білсе, бірі білмес.

Қалада алғашқы кезден-ақ керемет жұмыстар жасалып жатқанын барлығымыз білеміз. Туған жеріміз қатты өзгерді, бұл әрине бізді қуантатын дүние. Осындай іскер басшының жастармен жұмыс жасап, тіл табысуы белсенді жастарға қолдау болды деек те болады. Соның нәтижесінде, «Асар» еріктілер ұйымын құруға көмектесіп қолдау білдірді. Сондай-ақ, бізбен бірге іс-шаралардың басы қасында болды. Карантин кезінде де халықпен бірге жасаған жұмыстары қаншама. Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады. Менің өмірге жақсы талпынып тек алға жылжып қадам басуыма ерекше көңіл бөлетін осындай Рашид Абатұлындай әкім, саясаткерлердің көп болуы қуантады. Ендеше, алдағы уақытта да ел игілі жолында аянбай қызмет ете беруіне тілектеспін.

Нұрайым ҚУАНДЫҚ,
«Асар» еріктілер тобының мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы