КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

821 көрілім

Түркістанда көпқабатты тұрғын үй аумақтарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды “Yassy-tur.kz” ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Кестеге сай, қала бойынша басқа да аумақтар мен нысандарда залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Құрметті қала тұрғындары мүмкіндігінше көшеге шықпауды, шыққан жағдайда барлық сақтық талаптарын орындай, медициналық бетперде тағып, арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз!

Одан өзге, кәсіпкерлік нысандар да демалыс күндері қарасты аумақты тазарту және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге міндетті екенін естеріңізге саламыз. Еліміздің болашағы Сіздің қолыңызда!


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы