ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

843 көрілім

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың бастауымен Шардара аудандық орталық ауруханасында 40 төсек орындық инфекциялық госпиталь және 20 төсек орындық провизорлық госпиталь ашылған. Қазіргі таңда барлық науқастарға қажет дәрі-дәрмектер, қосымша тексерулер, күнделікті 4 мезгіл тамағы уақытылы беріліп, медицина қызметкерлеріне де қажет барлық жағдай жасалуда.

Күн-түн демей қызмет атқарып отырған мамандарды ұйымдастырып жүрген бас дәрігеріміз Нұржан Ахметұлы. Осындай қиын сәтте өз денсаулығынан және отбасынан науқас денсаулығын бірінші орынға қойып еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлері – Жанат Бақытқызы мен Жансұлу Асылханқызы бастаған медицина қызметкері науқастар үшін аянбай еңбек етуде.

Ерекше атап өтетін жайт, ауданымызға Түркістан облысының бас дәрігері болған, марқұм Мұқан Кеңесбекұлының алып берген заманауи компютерлік томография аппараты тұрғындарға дұрыс диагноз қоюда, емнің нәтижесін тексеруде үздіксіз қызмет атқарып келеді! Ауруханамызда тұрғындарға көмек көрсететін дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жоқ. Науқастың қосымша ауруына қарай барлық тексерулер, мамандардың кеңесі дер кезінде ұйымдастырылуда.

Жанат БАҚЫТОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы