ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰБТ ТАПСЫРУДЫ БАСТАДЫ

734 көрілім

Бүгіннен бастап Түркістан қаласының түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсыруды бастады, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

26 маусым мен 1 шілде аралығында жалпы саны 1154 түлек Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да 14 аудиторияда сынақтан өтеді.⠀Айта кетейік, ҰБТ нәтижесі тапсырған күні тестілеу өткізу орнындағы ақпараттық тақтаға ілінеді.

Одан өзге, www.testcenter.kz сайты арқылы да білуге болады. Тапсырған соң бланк түріндегі емес, электронды түрдегі сертификат беріледі. Ал, ата-аналар тек үйде онлайн түрде баласының тест тапсыру сәтін бақылауына рұқсат етіледі. Ол үшін ұлыңыз немесе қызыңыз білім алған мектеп басшылығынан арнайы логин мен пароль алып кіре аласыз.⠀

Жалпы, әр тест тапсырушының кіреберісте дене қызуы тексеріліп, медициналық бетпердемен қамтамасыз етілуі жіті қадағаланады, арақашықтық сақталады. Жоғары температура анықталған жағдайда, ҰБТ-ны басқа күні тапсыруға мүмкіндік болады. Жас өрендерге сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы