ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

891 көрілім

Түркістан қаласында індеттің алдын алу бойынша соңғы уақыттары тұрғындар көп жиналатын саябақтар, субұрқақтар жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Нақты шаралар жөнінде Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың қаулысы да жарияланған. Енді осы мақсатта әкімдік әрбір тұрғынға сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауды ескертеді. Сонымен бірге, аталмыш дерттің алдын алу бойынша қосымша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын да назарларыңызға салады.

Бұл ретте қауіпті індеттің алдын алу үшін шаһарда дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді. Осы орайда, қаладағы халық көп шоғырланатын демалыс орындары дезинфекциялануда. Н.Назарбаев аллеясынан бастап, бірнеше көпшілік серуенге арналған орындар залалсыздандырылды. Халық денсаулығын және пандемияның кең таралуына тосқауыл қою мақсатында аллеялар, субұрқақтар, саябақтар мен скверлер жабылып, қала ішіндегі қоғамдық көлік жұмысына тәулік ішінде белгілі уақытқа шектеу жасалған.

Айта кетерлігі, қала тұрғындары әлеуметтік желі арқылы келген ақпараттарға иек артып, өз бетінше ем жасауға және де осы мақсатта шешім қабылдауға әсте болмайтындығын ескертеміз. Қандай жағдайда да ресми ақпараттарға жүгінген абзал.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы