Құрметті қала тұрғындары!

983 көрілім

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 Қаулысы бойынша, 2020 жылғы 6 маусымдағы №23 Қаулысына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығуына, 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне және отбасы мүшелерін қоспағанда 3 адамнан артық жиналуға, сондай-ақ саябақтар, алаңдар, скверлер мен субұрқақтарда серуендеуге тыйым салынады.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, санитариялық-дезинфекциялық талаптарды орындауы міндеттеле, аптаның 6 күні 10.00-17.00 аралығында жұмысын жалғастыруға құқылы. Халыққа қызмет көрсету орталықтары да 10.00-17.00 аралығында санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте қызмет көрсетеді.

Қоғамдық көлік жұмысы таңғы 6.00-10.00-ге дейін және кешкі 17.00-21.00-ге дейін санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, шектеледі.

Қоғамдық орындарда, көшеде міндетті түрде медициналық бетперде тағып, арақашықты сақтауды сұранамыз! Денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы