ОРДАБАСЫ АУДАНЫ КӨКПАРДАН ОБЛЫС ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

1  402 көрілім

Шымкент қаласындағы атшабарда Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің ұйымдастыруымен көкпардан 1999-2002 жылы туылған жастар арасында облыстық чемпионат өтті. Дүбірлі додаға өңіріміздің білекті де жүректі шабандоздары қатысып, өзара үздікті анықтады.

Шын мықтылар жиналған көкпар додасында Ордабасы ауданының балуандары облыста атой салып, жеңімпаз атанды. Ал, жүлделі 2-3-ші орындарды Төлеби мен Қазығұрт аудандары өзара бөлісті.

Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық спортымыз көкпар ойыны күн санап дамып келеді. Әсіресе ауыл жастарының қызығушылығы басым. Дүбірлі доданы Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық ұлттық спорт түрлері мектебі бірлесіп ұйымдастырды. Басты мақсат ұлттық ойынды дәріптеп, жас шабандоздарды іріктеп, ел чемпионатына баратын құрама жасақтау.

Аламандық сайыста Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес және Ордабасы аудандарының құрамалары қатыстып, күш сынасты.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы