Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

66 көрілім

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы 2024 жылғы 9 ақпан күні сағат 11:00 де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 9 ақпан күні сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі.

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

  1. 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы;
  2. Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы;
  3. Қала әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  4. Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №15/83-VІІ «қала әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 шілдедегі «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» №9/47-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021 жылғы №9/46-VII «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы