ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

37 көрілім

Күз айында Қытайдың Хуанчжоу қаласында кезекті Азия ойындары өтеді. Қыркүйектің 23-і мен қазанның 8-і аралығында өтетін құрылықтық додаға Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің талантты бір топ шәкірттері қатысып, бақ сынайды.

Әр төрт жыл сайын алауы жанатын құрлықтық додаға қатысушылар бүгінде тыңғылықты дайындалып жатыр. Аталмыш ұжымның шәкірттері Токио олимпиадасының қола жүлдегері, 51 келідегі Сәкен Бибосынов пен талай жекпе-жектерде жеңіске жетіп келе жатқан талантты боксшы 86 келідегі Сағындық Тоғамбай, садақ ату шебері Бунёд Мирзаметов, таеквондошы Нұрлан Мырзабаев, бадминтон спортынан Дмитрий Панарин мен Камила Смагулова, ескек есуден Бекарыс Раматуллада, теннистен Гюзаль Айнитдинова да ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде спорттың 11 түрі, атап айтқанда: бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, академиялық есу, байдарка және каноэде есу, бадмитон, садақ ату, теннис спорт түрлері бар. Жалпы осы аталған спорт түрлерінде 123 спортшы кәсіби тұрғыда спортпен шұғылданса, 70 спортшысы еліміздің ұлттық құрамасы сапында шыңдаулуда. Ал, тәжірибелі 29 жаттықтырушы спортшыларды жан-жақты дайындауда. Бүгінде аталған ұжымның спортшылары әлем, Азия чемпионаттары мен елшілік додаларда нәтижелі өнер көрсетіп, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 110 медальді облыс қоржынына салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы