Аскаридоз ауруының алдын алу

447 көрілім

Түркістан облысында 2023 жылдың  6 айында жалпы саны 148 адамнан аскаридоз ( жыланқұрт) паразиті анықталған.

Аудан, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары науқастар тіркелген барлық ошақтарда инвазияның берілу факторларын анықтау үшін топыраққа зертханалық зерттеулер жүргізді. Аталған гельминтоздар  ошақтарынан  7 893 алынған   зертханалық зерттеулердің 43-і   «оң» нәтиже  көрсетті.

Сонымен бірге жыланқұртпен қатар қылдырықбас (власоглав), токсокар, тенидтер, лямблиоз сияқты паразитарлық инвазиялардың онкосфералары мен цистоларының тіршілікке қабылетті жұмыртқалары топыраққа түсіп,  адамдардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.  

Гельминттер тұрғындардың, әсіресе балалардың денсаулығына әртүрлі патологиялық әсер етеді. Паразиттер аллергияны тудырады, иммунитетті тежейді, соматикалық аурулардың дамуына ықпал етеді және емдеу мерзімін ұзартады, балалардың психикалық және физикалық дамуын тежейді. Қарапайым санитариялық гигиенаны сақтау арқылы гельминттерді жұқтыру ықтималдығын азайтуға болады:

– тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу;

– көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтыну алдын ағын сумен тазалап шаю және қайнаған сумен өңдеу.

Б.Елемесов

Түркістан облысы СЭБД басшысының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы