Халықтың сенімі бізге күш береді

259 көрілім

2023 жылыдың 29 – маусымында Қазақстан Республикасының «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы болып өтті. Астана төрінде өткен іс шара, ел болашағының дамуына тың серпін беретін форум ретінде көңілде қалды.  Менің ойымша, депутаттың халықпен байланысы мықты болуы керек. Жұртшылықтың  партияға деген сенімі күн сайын күшейе түссе ғана біздің міндетіміздің адал орындалғаны болмақ. Сондықтан, депутаттарға артылған күш ауыр екенін біз ұмытпауымыз керек. Біз әрдайым елмен біргеміз. Елдің қалың ортасында

жүреміз. Осы тұста форумға барып маңызды әрі мазмұнды ойлармен толығып қайтқанымыз жасырын емес. Шараның бізге берері өте көп болды. Пікір алмасып, түрлі түйіткілді проблемаларды ел алдында шешу жұмыстарын талқылау бізге қажет-ақ. Сондықтан да, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында бірнеше өзекті мәселелерді атап өтуі осының айғағы болса керек. 

– «Елімізде үш жарым мыңға жуық мәслихат депутаты болса, соның екі жарым мыңы, яғни 75 проценті бүгін осы залда отыр.

Сондықтан, мұндай басқосулар билік тармақтарының өзара байланысын нығайтып, ортақ конструктивті шешімдер қабылдауға жол ашады деп сенемін. Бүгінгі Форумның басты 

мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, халықты толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу. Бұл – уақыт талабы»- деді партия төрағасы. 

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы, бұл жай ғана дептаттардың бас қосуы емес. Үкімет мүшелерімен тікелей диалог құруға мүкіндік беретін форум болды. Еліміздегі бірқатар түйіткілді мәселелер бойынша депутаттар үкімет мүшелеріне өз сұрақтарын қойып елдің мұң-мұқтажын ашық жеткізуге тырысты. Мұндай мүмкіндік көп жерде бола бермейді. Сондықтан бұл жиынның өзіндік салмағы бар. Бізде өз кезегімізде форум аясында үкімет мүшелерімен кездесіп ауыл және кенттердің әл-ауқатын көтеру, жаңа жұмыс орындарын құру, халқымыздың жайлы өмір сүруі үшін қажетті инфрақұрлымдарды жасау бойынша пікір алмастық, ұсыныс айттық. Барлық ұсыныс пен пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта нәтижесін көрсетеді деп сенеміз. Жұмыла жұмыс жасау, халықпен ұдайы бірге болу бұл біздің басты ұстанымымыз. Әрине осы жолдан таймай сайлаушыларымыздың көңіліне кірбің түсірмеу үшін жауапкершілігіміздің маңыздылығын сезінеміз. Форум депутаттарға осыны да айшықтап бергендей.  

Республикалық форумнан кейін барлық министрлікті қамтыған сессиялар барысында да, елді толғандырған бірқатар өзекті мәселелер айтылды. Олардың шешілу жолдары талқыға түсті. Форумнан соң жаңа идеялар мен тың бастамаларға толы жоспарлармен оралдық.

Бахыт БАСЫМБЕК,

Түркістан облыстық мәслихат депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы