«ӨНЕР ӨШПЕС ҚАЗЫНА» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

235 көрілім

Отырар ауданында Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Өнер өшпес қазына» атты көркемөнерпаздар шығармашылығының біліктілігін арттыру жайлы аудандық мәдениет үйі директорларының шығармашылық жөніндегі орынбасарлары мен ұжым жетекшілеріне арналған облыстық семинар-кеңес өтті.

Семинарды Отырар аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай сөз сөйлеп ашып берді. Көркемөнерпаздар ұжымдары шығармашылығын дамытуға бағытталған семинар-кеңесте «Халық шығармашылығын қамтамасыз ету және дамыту» Баяндамашы: Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, «Халық шығармашылығын қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі Жұманов Мұрат, «Көркемөнер ұжымдарының қалыптасуы мен дамуы» Баяндамашы: Сарыағаш ауданы мәдениет үйі директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Райымбекова Шахризада, «Халық театры – ұжымдық өнер» Баяндамашы: Облыстық мәдениет және халық  шығармашылығы орталығы, мәдени ұйымдастырушы маманы  Умирзакова Зағипа, «Жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын көркемөнер ұжымдарының маңыздылығы» Баяндамашы  Отырар ауданы мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Дәурен Ақсақалов, «Фестивальдер мен байқаулар ұйымдастыру және дамыту» Баяндамашы: Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығыныңәдіскері Даулетова Мадина, «Ұлттық шығармашылық жанр жөніндегі көркемөнерпаздар ұжымдары жайлы» мәлімет Баяндамашы: Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының маманы Ахат Жеткербаевтар облыстық мәдениет саласының түрлі жанрлары бойынша бүгінгі күнгі атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндама жасады.

Аталған шараға облысқа қарасты 15 ауданнан жиналған мәдениет қызметкерлері ұжымдарды қалыптастыру мен дамытудағы инновациялық әдістер жайлы сөз қозғап, өзара тәжірибе алмасты. Семинарды мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров ақпараттық даму заманда көркем өнер иелерін тәрбиелеудегі тың идеялармен бөлісіп, көркемөнерпаздар ұжым шығармашылығын дамыту жолдары бойынша бағыт-бағдар беріп облыстық семинар-кеңесті  қорытындылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы