Түркістан облысының прокуроры БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

301 көрілім

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев журналистерді прокуратураға шақырып, оларды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Бүгінгі таңда БАҚ өкілдерінің көмегімен прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері дер кезінде жарияланып, соның арқасында тұрғындардың пікірі қалыптасатынын облыс прокуроры атап өтті.

Облыс прокуроры журналистерге өзара байланыс үшін алғыс айтып, осы бағытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға тілегін білдіріп, шығармашылық биіктерді бағындыруды және кәсіби жұмыстарына сәттілік тіледі. 

«Айғақ Телерадиокомпания» ЖШС-нің бас директоры Әбіш Дулат Назарбекұлы, «Түркістан» медиа-холдингінің бас директоры Ағыбаев Жанахмет Жәнібекұлы,  «24 Хабар» каналының тілшісі Жұмабек Жандос Сәдірмекұлы, «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Ақбаева Айнұр Әбілқасымқызы, «Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті, Заң және Заман бөлімі» тілшісі  Ерман Бауыржан Мейірханұлы және ақпараттық агенттіктердің тілшілері Әуесбеков Сәбит Тастанбекұлы, Нұрымбет Шолпан Уәлиханқызы, Утемисова Нурсулу Бозорбоевна, Тұманбаев Нұржігіт Бегайдарұлы бағалы сыйлықтармен және облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы