ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚҰРМАНӘЛІ ЖЫЛҚЫБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

160 көрілім

Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Ауданның құрметті азаматы, ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері Құрманәлі Жылқыбайдың 63 жасқа толу құрметіне арналған шығармашылық кеші өтті.

Мерейлі кешке елге танымал өнер саңлақтары мен арнайы қонақтар қатысып, құрмет иесімен бірге әріптес болған құрдастары естеліктерімен бөлісті.

Аталмыш шара кеш иесінің өнегелі өмір жолынан сыр шертетін қымбат естеліктері мен пайғамбар жасына асқақ абыроймен жеткен қызмет баспалдақтарын айқындайтын өмірдерек бейнебаянымен бастау алды.

Шара барысында Қазақстанның Жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым және аудан әкімінің міндетін атқарушы Азат Оралбаев мерейтой иесіне жылы лебізін білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар Түркістан облысы әкімінің алғыс хаты және Түркістан қаласы әкімінің құттықтау хаттары табысталды.

Кеш соңында мәдениет саласындағы әріптестері, ұжымдастары Құрманәлі Тастанбекұлына ат мінгізіп, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-күйлерін тарту етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы