ҰЛЫЛАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ЖИЫН

230 көрілім

Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен және қаламыздағы имамдардың ұйымдастыруымен «Ұлыларды ұлықтау – азаматтық борышымыз» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті.

Аталған жиын Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы мен Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына орай ұйымдастырылды. Іс-шара бабалардың ерлігі мен даңқты жолын ұлықтап,  оны ұрпаққа өнеге етуді мақсат етті. Рухани-танымдық кешке облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қала әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы және қала имамдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

– Бұл игі іс-шара ұлы бабаларымызды ұрпаққа ұлықтау мақсатында ҚМДБ Түркістан облысы, Түркістан қаласы имамдарының ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен өтуде. Негізгі мақсатымыз тек қана бабаларымызға құран бағыштап, ас беру ғана емес, ұлттық ойындарымызды да насихаттау болмақ, – дейді қаламыздың бас имамы М.Ергешбайұлы.

Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары тарихи қойылымдармен көркемдеген жиын соңы алдағы күндері ұлттық спорт түрлерінен болатын қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, қол күресі, қошқар көтеру, ләңгі тебу, гір көтеру секілді  жарыстармен жалғасын таппақ.

Естеріңізге сала кетейік,  арналған ұлттық спорт түрлері ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы