МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ VIII САЙЛАНҒАН ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ

302 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтетінін жазған едік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы