ЖЕТІСАЙДА “ҮЗДІК ОФИЦЕРДІҢ АНАСЫ” ТӨСБЕЛГІСІН 30-ДАН АСА АНАЛАР ИЕЛЕНДІ

406 көрілім

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық Әйелдер күніне орай аналарға құрмет көрсетілген ерекше жиын өтті. Мерекелік шараға қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлердің жұбайлары мен үздік офицерлердің аналары, полиция бөлімінің барша арулары қатысты. Жеке құрам жігіттері нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуантты.

Ал полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбековтің бұйрығымен 34-қызметкердің анасына «Үздік офицердің анасы» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ полиция бөлімінің қыздары мен қоғамдық көмекшілері де арнайы “Алғыс хат” алды.

Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Көктемнің ең жарқын мерекесінде аудандық өнерпаздар, адамзаттың асылы аяулы аналарға арналған әндерін шырқап, керемет іс-шара ұйымдастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы