ОТАНДЫҚ ТЕННИСШІ РАКЕТКАСЫН СЫНДЫРЫП ТАСТАДЫ

431 көрілім

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан турнирде эмоциясын жасыра алмай 3 ракетканы жерге лақтырды. Қатарынан тоғызыншы рет ұтылған ойыншы көпшілік алдында ашуға беріліп, ракеткасын жерге ұрып сындырған.

Бубликтің ашуға беріліп, ракеткаларын сындырған сәтін “Спорт Шредингера” Telegam арнасы жариялады.

Видеодан теннисшінің тым қатты ашуланып, ракеткамен жерді ұрғылаған сәтін байқауға болады. Ол жалпы есебі үш ракеткасын сындырып тастаған. Отандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында Александр Бублик 4:6, 7:6, 6:7 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Бублик Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Александр Бублик Қазақстанның бірінші, АТР рейтингі бойынша әлемнің 50-ракеткасы саналады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы