СИНОПТИКТЕР АУА-РАЙЫНА БОЛЖАМ ЖАСАДЫ

212 көрілім

Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер сәрсенбі, 8 ақпанда республика бойынша және еліміздің үш ірі қаласы – Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады.

Республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ күндіз оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнауы мүмкін.

Шымкентте жаңбыр жауып, сынап бағанасы күндіз +12…+14, түнде +2…+4 градусты көрсетеді деп болжайды. Мегаполисте қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланды. Мұнда желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Ал Алматы қаласында бүгін күндіз +3…+5 градус жылы болмақ, дегенмен түнде ауа температурасы -1…-3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр. Жауын-шашын күтілмейді, қалада қалың тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланып отыр.

Астанада қар жауып, күндіз -15…-17 градусқа дейін, түнде -23…-25 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Одан бөлек елордада жел 5-10 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы