ШАЯН: АУЫЛ ӘКІМІ ТОПАН СУДАН АДАМ ӨМІРІН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

391 көрілім

Шаян-Мыңбұлақ облыстық маңызы бар автожолда келе жатқан «ВАЗ-2106» автокөлігі қырдан аққан судың ағынымен жолдан шығып кеткен. Жеңіл көлікте 33 жастағы аяғы ауыр әйел мен 7 жасар жеткіншек және 39 жастағы ер азамат болған. Ауыл басшысы топан суға түсіп адам өмірін арашалап қалды.

Бұл туралы бейнежазбада таралып үлгерді. Көлік үстінде қалған әйел мен баланы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев беліне арқан байлап құтқарып алып шыққан.

Бүгінде жүкті әйел мен жасөспірім аудандық орталық ауруханада дәрігерлер бақылауында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы