ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫН САЛДАРЫНАН БІРҚАТАР ЖОЛДАР УАҚЫТША ЖАБЫҚ

321 көрілім

Хабарландыру түркістан облысы аумағында 1 ақпаннан бері жауын-шашын көп болып, тұман түсуіне байланысты бірқатар аймақтарда автомобиль жолдарында жүру қиындаған.

Мұндай ауа райында көлік құралын басқару қиындап, жол көлік оқиғаларының болу ықтималдығы артады. Сондықтан жауын салдарынан жол үстінде болатын көктайғақта жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет.

Осыған орай полиция қызметкерлері Созақ ауданы арқылы өтетін «Ұланбел-Созақ-Екпінді», Бәйдібек ауданы бойынша «Шаян-Шолаққорған» тас жолдары уақытша жабылғанын ескертеді. Одан бөлек, облыстың Арыс, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Созақ, Сауран аудандарында ауа райы күрт өзгеріп, қар аралас жауын-шашын тоқтаусыз түсуде.

Сондықтан полицейлер ең алдымен жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтап, жылдамдықты арттырмай, қашықтықты, жол белгілерінің талаптарын орындаңыздар деп кеңес береді. Сондай-ақ аса қажеттілік болмаса жолға шықпауға шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы