ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ДА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ТАБУДА

283 көрілім

КӘСІПКЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС

Сауран ауданындағы ең өзекті мәселенің бірі де бірегейі кәсіпкерлік саласына инвестиция тарту жайы кезек күттірмейді. 2022 жылы инвестиция көлемі 25 млрд теңгеге орындалып отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 186,6 пайызды құрады. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 2022 жылы көрсеткіші 8 млрд теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 80 пайызды құрады. Ал, өңдеу өнеркәсібінде 2022 жылы көрсеткіш 5,2 млрд теңгеге орындалды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 72,0 пайызды құрады. Инвестиция көлемінің артуына байланысты 2022 жылы шағын және орта бизнес саны 5201 субъектіге жетті. 2021 жылмен салыстырғанда 251,2 пайызды құрады. Сондай-ақ, ішкі сауда статистикасы бойынша, 2022 жылы көрсеткіш 1060,7 млн теңгеге орындалып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 109,3 пайызды құрады. Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиеленді-ру бойынша 2022 жылы «Ауыл шаруашы-лығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 млн.теңге АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250 млн. теңге несие алған.

ӨҢІРДЕ ЖИҺАЗҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Түркістанның облыс мәртебесін алуы мен Сауран ауданының қайта ашылуы, өңірдің іскер қауымының жаңа жобаларды игеруіне жол ашты. Түркістан мен Сауранда мемлекеттік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысының жоғары қарқынмен дамуы кәсіпкерлердің жиһаз жасауға құлшынысын арттырды. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды. 100 жаңа жұмыс орнын ашты. Өткен жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300 млн теңге несие алып, 100 жаңа жұмыс орнын қамтитын жоба іске қосылды. Бұлардың негізгі атқаратын жұмысы темірден жиһаз жасау кәсіпорны қазіргі таңда 45 гектар аумақты алып отыр.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ДА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ТАБУДА

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, 2022 жылдың мамыр айында іске қосылған «Авиценна-А» емханасы ашылды. Жоба құны 1800,0 млн теңге құрады. Қазір мұнда 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан жоба құны 789,0 млн. теңгені құрайтын «GOLDEN Cotton» ЖШС мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауыты іске қосылды. Қазір мұнда 34 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орындық жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орындық жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен пайдалануға берілді.

2023 жылға жоспарланған инвестициялық жобалардың бірі азық-түлік белдеуін ұлғайту бойынша «TURKISTAN FRUIT» ЖШС инвестициялық жобасы. Бұл жобаның құны 8 млрд 533,0 млн.теңге құрайды. «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізіліп, 2023 жылы ашылуы жоспарлануда. Мұнда қара өрік егіп, оны өңдеп шырын шығарады. Аумағы 400 гектар. Мұнда 60 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округінен «Балмұздақ» ЖШС кәсіпорны ашылмақ. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд.тг болатын қойма құрылысы жүзеге асырылғанда 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны ерекше тартымды жоба болып отыр. Жоба құны 8,0 млрд.теңге тұратын күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылады. Мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала іргесіндегі Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы басталады. Бұл жобаның құны 400,0 млн.теңге құрап отыр. Цех іске қосылған кезде 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазір Сауран ауданында аса қажетті нәрсе ол тұрмыстық қалдықтарды өңдеу болатын. Осыған орай Шорнақ ауылдық округінен ЖК «Sauran Plast» қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кәсіпорны ашылады. Жоба құны 675,0 млн теңге тұрады. Мұнда 15 жаңа жұмыс орны ашылады.

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіп-керлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында, 2022 жылы 7086 адам әлеуметтік шаралармен қамтылып, көрсеткіш 169,3% орындалды. Әлеуметтік шаралармен қам-тылған жастар 1924 адам, аз қамтамасыз етілгендерден 396 адам, әйелдер саны – 2694 адам, мүмкіншілігі шектеулі азаматтардан 234 адам қатыстырылды.

Жұмыс орындарын (субсидиялауды) қайтарымсыз қаржымен қамтуды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Оқу орнында жұмыссыздарды қысқа мерзімге оқытуға 30 адам қамтылып, орындалуы 100%-ды құрады. Жұмыс орнында оқытуға – 13 адам қамтылып, 100% орындалды. Еnbek.kz платформасы бойынша онлайн оқытуға 110 адам қамтылып, оның да орындалуы 100%-ды құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 215 азамат қамтылып, орындалуы 126% жеткізілді. Жастар практикасына 449 азамат қамтылған болса, жоспардың орындалуы 132% жетті.

Қоғамдық жұмыстарға 1466 адам қамтылып, 146,6% орындалды. «Алғашқы жұмыс орындары 43 адам қамтылып, орындалуы 195,4 % құрап отыр. «Күміс жас» жобасына 36 адам қамтылса, орындалуы 120% жетті. Мемлекеттік грантқа комиссия шешімімен 183 азамат қамтылып, мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, оның орындалуы 105,7% пайызды құрады. Ал, тұрақты жұмыс орындарына – 2337 орын жоспарланған болса, оған жолданғаны 3189 адам, орындалу пайызы 136,4% құрап отыр. 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны бойынша 596 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 16 бос жұмыс орындарына бекітілген квота толығымен орындалды. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін алты адам жолданып, жоспар толығымен орындалды. Жалпы, жоба бойынша мүмкіндігі шектеулі 117 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болса, бағдарламалар бойынша 234 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылып, оның орындалуы 200%-ды құрайды. Сауран ауданының екінші тынысы ашылғалы бері мыңдаған жаңа кәсіпорындар ашылып, бейнеткеш қауымының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жылдам көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде істің көзін тапқан тұрғындарды биліктің де дер кезінде қолдауының нәтижесі деуге болады.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы