ЖЕТІСАЙДА ЖАС КӘСІПКЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

396 көрілім

Жомарт жандардың ортамызда көп болғаны қуантарлық жағдай. Игі істің басы қасында жүрген жетісайлық азамат көптің ізгілігіне бөленді.

Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамай жарлыларға жақсылық жасауға жаны құмартып тұратын Жетісай ауданының жас кәсіпкері Сұлтан Әбдіғаппарұлы бүгін сауабы мол қайырымдылық шарасын өткізді.

Жақсылық жасауда өзгелерге үлгі болып, қайырымдылық шараларынан қалыс қалмайтын Жетісай аудандық «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен шарада аудандағы жалғызбасты аналар мен аз қамтамасыз етілген әлеуеті әлжуаз 15 отбасы қамтылып, азық-түлік үлестірілді. Отбасыға қажетті ұннан бастап үйге керекті азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілді.

«Біздің басты мақсатымыз – атағымызды шығарып, жағымпаздану емес, елге, халыққа пайдамызды тигізу. Мейірім мен қайырымдылықтың жылуын беру.

Адамдық парызы мен қасиетін бәрінен биік қоя білетін Сұлтан бауырымыз бұған дейін де қамқорлық жасау, оған зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосуда қалыс қалмаған. Бұған дейін де әлеуеті әлжуаз отбасыларға материалдық, моральдық тұрғыда да көмек беріп келген» дейді аудан жастарының көшбасшысы Нұрлыбек Мутаев.

Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, кеудесінен итермеген текті халық екені тарих қойнауына енген сан ғасырлардан бері белгілі қасиет. Тәуелсіз елдің бүгінгі Сұлтандай азаматтарының қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқаны көңіл қуантады.

Айта кетейік, халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында көмекке мұқтаж жандардың, соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешеуге айқын бетбұрыс жасалып, түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы