ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР КОМАНДАСЫ ЕНДІ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

240 көрілім

Волейбол спорты соңғы кездері елімізде қарыштап дамып келеді. Осы орайда ел чемпионаты да аса тартысқа толы болды. Әрбір команда жеңіс үшін келгендерін көрсетіп, бар күш-жігерлерін ортаға салды. Тәжірибелі жаттықтырушы Иса Раймханов баптайтын Түркістан облысының командасы қарсыластарын қапы қалдырып, ел чемпионы атанды.

Ал Астана қаласының волейболшылары екінші орынды иеленсе, жүлделі үшінші орынды Қызылорда облысының құрамасы қанағат етті. Талдықорған қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-11 аралығында өткен волейбол бәсекесі өте тартысты өтті.

Шаршы алаңдағы доп додасына елімізден 21 команда, 250-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Ойындардың әділ өтуіне төрешілердің де ықпалы өте зор. Бұл жарыста Түркістан облысының атынан ұлттық дәрежедегі төреші Серік Досболов төрелік етті. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубок, медаль және алғыс хаттарымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы