ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

497 көрілім

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ибрагимұлы Әлжан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Ерлан Әлжан 2008 жылы құқықтану мамандығы бойынша “Болашақ” Қарағанды өзекті білім беру институтын, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша “Болашақ” Қарағанды университетін аяқтаған. Сонымен қатар 2018 жылы заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы бойынша Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қарағанды облысының облыстық сот кеңсесінің № 2 Шет аудандық соты кеңсесі сот отырысының бас маманы-хатшысы болып қызмет жолын жалғастырған. 2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясының тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы