Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа байланысты дөңгелек үстелдерді жиі өткізу керек

252 көрілім

Түркістан қаласындағы оқушыларға құқықтық тәрбие туралы түсінік бере отырып, жасөспірімдер арасындағы белең алып отырған қылмыс пен құқық бұзушылыққа тоқталу, себептерін іздеу. Адамгершілік пен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, өз ойларын нақты әрі еркін жеткізе білу мақсатында жиі кездесулер ұйымдастырылуда. Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. 

Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру – ата заңымызға деген сүйіспеншілігін оятып, парасатты және әділетті тұлғаны қалыптастыру!Әр адам өз құқығын білуге тиіс. Тәртіпті бұзған адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігіп, айналасына келеңсіз пікір туғызады.Тәрбиеге әсер беретін, ата-ана тәрбиесі мен өскен орта. Отбасының тәрбиесі мықты бекімесе, өскен орта тәрбиесіне тез бейімделетіні анық!Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа байланысты дөңгелек үстелдерді жиі өткізу — заңға қайшы әрекеттерді болдырмау және отбасылық тәрбиеге демеу. Тәртіпті бұзған балаға заңның бар екенін және заңмен жазалатынын түсіндіріп, алдын алу ата-ана мен ұстаздың басты міндеті.

Құқықбұзушылық әрекеттерге қандай бала барады?

Бесіктен белі шықпай жатып, теріс қадамға баруына не себеп? Деген сұрақтарға  жауапты мектеп қабырғасында бірнеше жыл қызмет атқара жүріп бақылағыным бар!Жоғарыда атап көрсеткенімдей; барлық мәселе отбасылық тәрбиенің маңыздылығында.

Шаңырақ көтеріп, баланың бал қызығымен отбасылық өмірді енді ғана бастап келе жатқан отбысының екіге айырылысуы бала психикасына кері әсері мол. Баланың ішкі әлемінде сыртқа айта алмайтын сырларының жиналуы да, теріс қылықтарға жол беретіні тағы бар. Екі жақты мейірім көрмеген бала мейірімге мұқтаждық тауқыметін бастан кешіп,  сыртқы әлемнен мейірім іздейді. Отбасы бүтін бола тұра әлеуметтік жағдайының төмендігінен де жаман әрекеттерге баратындары да жоқ емес. Ата-анасынан қысым көрген балалар да теріс әрекеттерге бой алдыруда. Мысалы; ата-анасының тапсырмасын орындамау салдарынан (үй жұмысы, мөлшерден артық қаржы, ой санаспау т.с.с) қысым көргендер де.Психолог және психиатр мамандар адамның жан дүниесін 100 пайыз зерттей алмайды. Адам баласының миында түсініп болмайтын жайттар болып жатады. ГЕН мәселесі де үлкен рол ойнайды. Енді бір балдар тума қалыптасқан яғни болмысы солай.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, Ұлжанның ақ сүтімен, Зеренің зерделі ертегілерімен сусындаған кешегі Абай — нар қазақ.Бүгінде кешегі Абайдай қазақты тәрбиелеуде әжелеріміз бен аналарымыздың алатын орны ерекше. Өмір бойы әкесінің жұмбағын шешуге бар күш жігерін сарп еткен Абайдай ұрпақты тәрбиелеу әрбір әкенің парызы деп білемін.Тәрбиесі тереңге жайылған толыққанды отбасынан зиялы азаматтардың шығатынына күмәнім жоқ! Ал тәрбие бар жерде құқықбұзушылыққа жол жоқ.

«Қатты тәртір көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде!» деген Жүсіп Баласағұнның қанатты сөзі бала тәрбисіне жастайынан мән беруді меңзеп, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақырады.Тәртіпке бас иген елдің азаматтары ғана Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанды жасай алады! Өйткені кемелденген мемлекет кемелді жастардың қолында!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы