Керек кеңес ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ

558 көрілім

Қазіргі таңда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің бірі бұл-құқықтық мемлекетте өмір сүре отыра, азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының төмендігі. Осыған орай, Түркістан қаласының тұрғындарының құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру бағытында құқық қағидаларға тоқтала кеткенді жөн көрмекпіз. Осы саясатты жүргізу барысында елімізде көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылдануда. Осы орайда ұлы ойшыл ғалым әл-Фарабидің: «Адамға ең алдымен білім емес тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім –адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,-деген орынды пікіріне сүйенсек, бүгінгі таңда жаңа заманға сай тәлімдік-тәрбиелік тәжірибесі мол кәсіби маман даярлау басты мақсат болып отыр. Сондықтан да болашақ жас жеткіншектерді жас мемлкетіміздің үлгілі азаматы ретінде қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің маңызы зор. Адамның құқықтық білімі мен құқықтық тәрбиесі, ішкі нанымы құқықтық мәдениетінің «іргетасы» саналады. Осы «іргетастың» қалай қаланғанына байланысты адамда мынадай қасиеттер қалыптасады: — құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу; — заңға қатыстық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну); — құқықтық норманы орындауға дайын тұру; — заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда белсенділік көрсету. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән беру керек: — жастар демократия негіздерін оқып-үйренулері тиіс; — олар өз құқықтары мен міндеттерімен танысып қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек; — қайырымдылық және зұлымдық, әдемілік және талғамсыздық, т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп отырулары қажет; — құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті; — заң туралы аса қызыға білгені дұрыс. Өйткені құрғақ ақпарат оқушылардың миына жетпейді, жүрегін елеңдетпейді. Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі шығармашылық нысандарды қолдану қажет. — Н.С.Макарьенконың пікірі бойынша «Білім беру мен тәриелеу үрдістері өзара тығыз байланысты: білім беру үрдісі-тәрбиелеуші, ал тәрбие үрдісі-білім беруші болып табылады». Яғни, білімді адам тәртіпсіз, моральға қатыссыз, заңға қарсы әрекеттердің тигізетін залалы мен зиянын ұғып біледі. Ал құқықтық білімді тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде болатыны анық. — Құқықтық білім беру жүйелі, мақсатты, құнды оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған болуы, құқықтық мәдениеттің өзі тұлғаның құқықтық дамуның деңгейі ретінде қаралуы тиіс. Біз оқушылардың жақсы құқықтық білімді меңгеруі оны әлеуметтік құндылық ретінде қарастыруы және тұлғаның құқықтық тәртібі шеңберінде бағытталған әлеуметтік –құқықтық қалыптасуы ретінде қабылдауы үшін талпынуымыз керек. — Құқықтық санасы мен мәдениеті дамыған тұлға заң нормаларына бағынып, өз міндетін орындап, заңға қайшы әрекет жасамайды. Сондықтан да құқықтық тәриені ойдағыдай жүзеге асыру үшін жасөспірімнің құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, дамыту қажет. — Құқық бұзушылықтың алдын-алудың негізгі мақсаты- тұлғаның санасындағы, әрекетіндегі құбылмалы өзгерістерді шектеп оның өзгеруіне жол бермеу. Ал құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты-заң нормаларына бағынатын, өз міндеттерін мойындайтын, заң тәртібін бұзбайтын құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде қалыптасқан құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу. Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу арқылы қоғамдағы әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары жүзеге асады. Осыған байланысты құқықтық тәрбие жалпы тәрбие жүйесінің ерекше орынға ие екендігін ескере отырып, оны заман талабына сай жүргізуіміз керек. Себебі, біріншіден, білімі мен ғылымын бүгінгі талапқа сай дамыта алмаған ел әлемдік бәсекеге төтеп бере алмайды. 219 Ал, екіншіден, мәдениетті дамыту барысында өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұраларын бірге қоспасақ, онда әлемдік мәдениетте өз үлесімізді, өзімізді жоғалтуымыз мүмкін. Құқықтық тәрбие-ұзақ уақыт тарихи дамудың желісі. Ол күрделі, қиын әрі сан – салалы. Мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі мемлекеттік ұйымдардың құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр –қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек, ел ұрпақ тағдыры үшін маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі мемлекеттік бетбұрыс, қамқорлығы керек. Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалармен бала кезінен танысуы тиіс. — Құқық қағидалары: 1.Әлеуметтік бостандық; 2.Адамгершілік; 3.Демократизм; 4.Теңдік; Сондықтан мұғалім жас баланы құқықтық мәдениет пен білімге бағыттай отырып, тәрбиелей біліп, қылмыстық істерге жасөспірімдерді жібермеу керек. Ал, енді бүгінгі күннің тәртіп мәселесінде, мен назарды білім саласындағы жалпы білім беру буынына, жасөспірімдерге бекер аударып отырғаным жоқ. Өкінішке орай жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық көбейіп барады. Жасы толмағандарды қылмысқа бой ұрындырудың себептер іштей іріп-шіріген отбасында, тәрбие беру ісі ақсаған мектепте, ел басына түсіп отырған қиындықтан туып отырғандығы сөзсіз. Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн. Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы, олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер барысында олардың сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері қалыптасады. 5-8 сыныптарда бастауышта алған құқықтық білімді жетілдіреді. Қазақстан Республикасы заңдары туралы жалпы мағлұмат алады, азаматтардың негізгі құқықтары және міндеттерімен танысады, қоғамдық жерлердегі ережелерді түсініп, талқылап, сақтайды. Оқушылардың саналы әрекеті қалыптасады. Тәртіп бұзушылыққа төзбеуді үйреніп, жеке жауапкершіліктері қалыптасады. Қоғам алдындағы жауапкершіліктері артып, құқық бұзушылық салдарынан арнайы мектептерге мәжбүрлеп жіберу мүмкіндігін сезінеді. Аталған жағдайлар елімізде жолға қойыла бастады. Дегенмен, құқықтық мәдениетті, құқықтық білім беруді қалыптастыруға байланысты кемшіліктер де жеткілікті. Соның бірі мектепте бүгінгі таңда құқықтық мәдениетті қалыптастыру ісіне әлі де қажетті назар аударылмауы, жоғарыда атап өткеніміздей демократиялық мемлекетте әрбір азамат өз құқықтарын білуге және оларды қорғауға өзі мүдделі болуға тиіс, мысалы, Жапонияда шпион ретінде сотқа тартылған Рихард Зорге өзіне-өзі адвокат болып бостандыққа шыққаны тарих беттерінен мәлім. Oсы орайда құқықтық білім беру жүйесіне «Адам құқығы» курсын енгізу қажеттілік деп есептейміз, қазіргі таңда еліміздің жалпы орта білім беретін мектептерді былай қойғанда, жоғары оқу орындарында бұл пән тек қосымша курс дәрежесінде ғана қалып отырғандығы барлығымызға мәлім. Сондықтан да, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің құрылуының маңызды шарттарының бірі ол азаматтардың құқықтық мәдениеттерін, соның ішінде негізгі құрамдас бөлігі- адам құқығының мәдениетін қалыптастыру. 220 Біріккен Ұлттар Ұйымы өз құжаттарында және өткізілетін акцияларында қоғамда адам құқығы туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне негізделеді де адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда білім беру мекемелерінен үлкен үміт күтеді.БҰҰ адам құқығын оқытуға, әсіресе, «барлық мемлекеттер және ұйымдар адам құқығы мәселелерін, гуманитарлық құқықты, демократиялықты және заңдылықты барлық оқу ұйымдарының оқу бағдарламаларына қосуына», «адам құқығы саласындағы білім беретін нақты оқу бағдарламаларын және стратегияларын жетілдіруіне» ерекше көңіл бөледі. Қазақстан Республикасы орта және жоғарғы оқу орындарында құқықтық білім берудің мазмұнын жаңа талаптарға сай жаңартып жатыр. Осы салада адам құқығын оқыту мәселесі көтеріледі. Адам құқығы рухында жастарды тәрбиелеуде орта білімнің үлесі орасан зор, соның ішінде «Адам құқығы» пәні оқушыларға адам құқығы және оларды қорғау және оларды қорғау механизмі туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. «Адам құқығы» тек академиялық курс ғана емес, сонамен қоса жастарды өз тәртіптерін тиімді басқаруға,басқа адамдармен, мемлекеттік билік институттарымен тиімді қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік туғызатын толық жүйе болуы керек. Және де бүгінде құқықтық білім беруді жүзеге асыру көрсеткішінің нәтижесінің төмен дәрежеде болуының негізгі себебі ретінде білім беру әдістемелердің Кеңес үкіметі кезіндегі ескі дәстүрлі түрінің әлі де болса сабақ процесінде кеңінен қолданылуынан деп пайымдауға толық негіз бар, сондықтан аталған олқылықтарды қайталамас үшін «Адам құқығы» курсын оқытуда Еуропа елдерінде (АҚШ, Германия, Ұлыбритания) кеңінен қолданылып келе жатқан, 1972 жылы Токиодағы ЮНЕСКО-ның Әлемдік конференциясында үзіліссіз білім беруде үздік деп танылған, уақыт сынынан өткен модульдік технологияны, Ресей Федерациясында құқықтық білім беруде кеңінен қолданылатын ЮАР құқықтану профессоры ойлап тапқан ПОПС-формуласы, оқытудың интерактивті әдістерін, «Миға шабуыл» әдісін және т.б заманауи әдіснаманы пайдалану қажет, сонымен қатар Ресей тәжірибесіндегі әрбір баланың ерекшелігіне қарай, мысалы, кейбір оқушылардың дыбыстық арнасына (аудиалдарға әңгімелесу тиімді, аудиожазбалар, мұғалімнің мәліметті монолог түрінде бергені), ал басқаларында көзбен мәліметті қабылдау маңызды рөл атқарады (олар үшін оқу процесінде суреттер, кестелер, қосымша көрнекі мәліметтер пайдалану), кинестетиктер болса іс-әрекетте болғанды қалайды, олар мәліметтерді рөлдік,сюжеттік,іскерлік ойындар ойнау барысында жақсы қабылдайды. Осы мемлекеттер тәжірибесі негізінде біздің елімізде де құқықтық білім берудің тиімді бағдарламасы болуы тиіс. Құқықтық сауаттылық-заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асырып ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыруы қажет. Азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң-дегеніміз-өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі-қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы