Жасөспірімдердің құқығын қорғап, құқықтық мәдениет қалыптастыру қажет

730 көрілім

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың құқығын қорғап құқықтық мәдениет қалыптастыру. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Түркістан қаласының аумағында а.ж. 19-22 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шараcы өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде жүруін болдырмау.

​Іс-шараға қала прокуратурасының, Түркістан ҚПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, Жастар ресурстық орталығының және адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жүргізілген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарда жүрген 10 жасөспірім анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабымен, ойынхана иелеріне 132-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұдан бөлек, қыркүйек айының басында ювеналды полиция тобы мен адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері Жастар ресурстар орталығы және ата-аналар комитетінің өкілдерімен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген.

Іс-шара барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмаған 52 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 жасөспірім есепке алынып, 2 жайсыз отбасы тіркелсе, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүрген кәмелетке толмаған 2 бала ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Құқық — бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, құқық адамдардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімдік нормалар жүйесі. Құқықтың мазмұны оның негізгі бастамаларында, яғни негізгі ұстанымдарында көрініс табады. Олар мыналар: саяси биліктің халық еркіне бағынуы; меншік түрлерінің теңдігі және адамгершілік ұстанымдарына сүйену. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат-мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады. Адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардын заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қорламау; Негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету. Бүгінгі қоғамда әр адамның құқық пен адам құқығын негіздерін білуі арқылы заңға деген құрмет, заң алдындағы жауапкершілік, міндет, парызды сақтау санасы қалыптасқан. Ол құқықтың сананың қалыптасу деңгейін танытады. Құқықтық санадан адамның құқықтық мәдениеті танылады. Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады Құқықтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқық бұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жасауына сәйкес келуін анықтайды. Жеке адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында байланыс бар. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Ол құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Құқықтық мәдениет адамнан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Құқықтық мәдениеттің негізі адамның саналы тәртіп пен мінез-құлықтары. Құқықтық мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтық білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулақ болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсынушылық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш – адамның ұяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсыну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.

Сонымен, құқықтық психология – құқықтық көрініс сферасының тікелей әсерімен түсінігінен “жабық” та терең сферасы болып табылады. Тұрғын халықтың психологиядағы көрінісін, әлеуметтік ақталған рұқсат ереже бойынша жаңа заң реализацияларының үлкен проблемаларына апарады, құқық қорғау органдарының қызметінде көпшілік қиыншылықтарды тудырады. Мемлекетті құқықтық саясатында тұрғын халықтың құқықтық психологиясына мін тағу бірнеше рет сол немесе басқа мемлекеттік шаралар дағдарыста болды. Өзінің әлеуметтік мақсаттағы көзқарастары тиімді болды.

Бұдан басқа, құқықтық психологияболашақ өзін-өзі қиын ұстауда, объективті бақылау құбылысы маңызды бөлім, яғни санасыздықты қосады – бүкіл әлемдік психологиялық құбылыстар мен процестерді, дәл бағытталған фактормен, яғни, субъект өзіне баға бере алмас жағдай әсерінен. Санасыздық сферасы құқықтық көріністердің генезисінде белсенді көрсетілген қалыптастыруда құқық сияқты және құқыққа қарсы тәртіппен көрінеді. Санасыздық құқық психологиясы құбылысы ретінде интуиция, психологиялық аффект, әдетті әрекеттер, әлеуметтік жүріс-тұрыс, сонымен қатар талпынуда, әрекеттер, себептерін адамдар мойындамайтын. Осымен, құқықтық психология – қоғамдық сананың сферасын құқықты бақылау үшін принципті және маңызды, оны оқуға құқық теоритиктерін, және құқық ғылымының мамандарына жағдай жасауға бағытталған.

Құқықтық сана құрамындағы құқықтық психологиядан басқа құқықтық идеология да жатады, яғни ол қоршаған ортаны психологиялық тұрғыдан ұғынудан гөрі ғылыми-теориялық белгі және шындықты меңгеру деңгейіне сәйкес келеді. Құқықтық сана – бұл қоғамның, құқықтық қатынастардың қоғамдық өмірінің көрінісі, қоғамдық сананың, әлеуметтік топтардағы және жеке тұлғаның құқықтық пікірлерінің мәні мен рөлі. Құқықтық сана – құқық туралы мағына және іс-жүзіндегі құқық пен ойлардың бағасы; құқықтағы қажет ететін өзгерістер туралы ойлар, яғни құқықтық сана бұл объектінің көрінісінің нәтижесі ғана емес, ол сондай-ақ объектіге және мемлекеттік барлық жүйесіне әсер етуші құрал болып табылады.

Идеологиялық тұрғысында және идеология арқылы барлық әлеуметтік топтардың, класстардың, халықтарды, мемлекеттің, әлемдік бірлестіктердің қажеттіліктері мен мүдделерін табуға болады. Әрине жеке индивидуалдық элементі құқықтық шындықтың көрінісінің идеологиялық түрінде де; сол немесе басқа идеологиялық доктрина жеке адамдармен құрылып, қалыптасады. Ол адамдар: ғалым-философтар, қоғамдық-саяси қызметкерлер, олар соңында құқық және мемлекеттің толық жүйелі көрінісінің санасында қол жеткізіледі.

Бірақ, құқықтық идеология айтарлықтай құқықтық психология, құқықтық сананың дәрежесі мен сипаты бойынша асып түседі. Егер құқықтық психология құқықтық құбылыс арқылы жоғарғы-сезімді аспектілерге сай сыртқы әсерге фиксирленсе, онда құқықтық идеология әлеуметтік сана, құқық табиғатының мәнін айқындауға тырысады. Ол сондай-ақ, әдеттегідей, аяқталған мәдени-тарихи философия және догма түрінде көрсетуге тырысады.

Шын құқықты түсінудің тәсілдері ретінде құқықтық идеологияның үлгілері болып келесілер табылады: құқықтық Гегельдік философиясы; мемлекет және құқықтың табиғи құқықтық, позитивтік, марксистік доктринасы; көптеген қазіргі кездегі құқықтану консепциялары. Бұдан басқа құқықтық идеологияны кеңінен “қолдану” сферасы – құқықтық психологияға сая стихиялық – бұқаралық жеке адамдар қатынастары емес, ал толықтай әлеуметтік бірлестіктердің қажеттіліктері мен мүдделерін айқындауға бағытталған институцияландырылған топтар: класстар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, мемлекет, мемлекетаралық бірлестіктер.

Сол немесе басқа да қазіргі кездегі билік қатынастарда қатынасатын саяси ұйым, әдеттегідей саяси құқықтық идеология негізінде консервативті, либералды, марксистік, христиандық және т.б. негізінде қалыптасады. Бұл жағдайда құқықтық идеология өзінің негізгі мұратын орындайды, ол партия, қозғалыс, толық саяси адамдар жүйесіне ұйымдастырылған өзіндік әлеуметтік жоспарлы-бағдарлама қызметін орындайды; нақты әлеуметтік және құқықтық идеаларды түбегейлі және мақсатты қол жеткізуге мүмкіндік береді.Демократиялық және әлеуметтік, мәдени, тарихи сияқты мемлекеттік құқықтық идеологияның түсініктемелері әрбір қогғамның қызметі үшін негізгі өмірлік жағдайы болып табылады.

Бірақ жазылмаған заң бар: сана, соның ішінде құқық бос емес болдыц, яғни қандай да бір белгі ең жақсы емес, және ол әрқашан да көзқарастар жүйесіне ие. Механикалық дендеология нәтижесінде экономакалық дағдарыспен салыстырған жағдайдан да қауіпті жағдай қалыптасты: рухани бос сезім күрделене түседі; ойлау қабілеті төмендейді; перспективасының жоқтығы, халықтың жаңадан жаңа деңгейінің нашарлауына әкеліп соғады. Біздің дендеологияланған санамызда әлеуметтік примитивизм, бұқаралық аберрация, хорезматикалық, ұлттық популизмнің әлсіз иммунитеттерін жоғалту тенденциялары күшейе түседі.Бұндай құқықтық мемлекеттің және берік құқықтық тәртіп рухы негізінде бірлестік мүмкін емес. Сондықтан қазіргі кезде демократиялық жаңа мемелекеттік құқықтық идеологияның қоғамдық тұтынушылығы өсуде, яғни ол диктатқа ешқандай қатысы жоқ болады. Мұндай иделогияның қоғамдық санадағы принциптері мен механизмін айқындау бұрынғыснан айрықша болуы керек.

Саяси құқық идеологиясыз қазіргі кездегі өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес.Жоғарғы идеологиялық құжаттың мысалы ретінде АҚШ-тың конститиуциясы, Германия конституциясы, Батыс Елдердің демократиясы және құқықтық жүйенің идеологиялық фундаменті ретінде болған 1789 ж. адам және азамат құқығының Француздық Декларациясы. Қоғам үшін өтпел кезеңде құқықтық идеология айрықша ерекшелікке ие болды. Ұлттық құқықтық идеология адамға, классқа, партияғажәне бюасқа да ұйымдарға жаңа саяси жағдайларда бағыт-бағдар болуға мүмкіндік береді. Іс-жүзіндегі заңдылықтың ешқандай тіпті детальді пропогандасы мұны бере алмайды. Нақты және утилитарлы бағдарламалар, лозунктер, жоспарлар және сөздерге қарағанда құқықтық идеология ұзақ мерзімді процестерге, тәртіп нормаларына бағытталады, яғни оның күшінде ұрпақтарға жағластыруға мүмкіндік бар, әлеуметтік мақсаттағы қызметтері үшін концентриленген ойлар жатады.

Қорыта келгенде ұлттық құқықтық доктрина – қоғамның құқықтық санасының биіктігінің көрсеткіші, яғни яғни маңызды мәдени құқықтық құндылықтарды сипаттайды. Құқықтық психология және құқықтық идеология әрқайсысы құқықтық сананың және құқықтық реттеудің, толықтай қооғамның, құқықтық мәдениетінің функцияларын жүзеге асыру үшін қоғамның құқықтық санасында құрлымдық компоненттері қызмет етеді. Бұл қандай функциялар? Құқықтық ғылымға сүйенсек негізгі құқытық сананың функциялары, яғни, осы құбылыстың әсер ету бағыттары, танып білу, бағала, бақылау.

Құқықтық сананың танып білу функциясы бұл құқықтық құбылыстарды айқындау және түсіндіру арқылы мәні жағынан қалыптасады, өмірді тану – әлеуметтік немесе тіпті, табиғи. Бұндай танудың тапсырысы айқындалуы мен ортақ заңдылықтарды оқу және олармен байланысты ғылыми шындықтан тұрмайды, құқықтық шындықтың оқиғасы, іс-әрекетінің жағдайларының белгілері т.б. құрылымынан тұрады. Бұндай танымдықтың субъектісі болып заңгерлермен қатар азаматтар да табылады: олардың әрқайсысы өздерінің құқықтық реттеуге қатысты тапсырмасын орындау барысында мәнді және керекті құқық туралы түсінік алады.

Құқықтық сананың бағалуа функциясы, құқық маңызы сияқты құқықтық сананың көмегімен нақты өмірлік жағдайларды бағалау. Құқықтық бағалау – бұл азаматтар сияқты құқық субъектілерінің қызметі және әртүрлі өмірлік жағдайларға құқық қолданушылардың құрылымы және олардың әлеуметтік және құқық квалификациялардың құқықтық заңдылық, керекті тәртіп туралы көзқарастарды, құқық позиция жағынан сол немесе басқа тәртіпті бағалау үшін, белгілі дәрежеде құқықтық сана қалыптасуы керек.

Құқықтық нормалар туралы информация құқық субъектілерінде психологиялық реакциялардың комплексін тудырады, яғни тәртіптің мотивацияларын тудырумен байланысты: сезім, эмоция, қайғы. Бұл жағдайда құқықтық сана (құқықтық психологиялық формасы ретінде) – мотивтің нақы тәртіптік түрі ретінде болады. “Құқықтық сана – бұл адамдардың қоғамдық өмірдегі құқық құбылыстарына деген қатынастарын көрсететін ойлар, көзқарастар, сезімдер, дәстүрлер және қайғылар жиынтығы”.

Құқықтық сананың функциясын жүзеге асырудағы бақылауда айрықша маңызды құқықтық бекіту – әлеуметтік және психо-физиологиялық факторлар әсерінен қалыптасқан заңды және заңға қарсы тәртіпке субъектілердің алдын-ала дайындығы. Құқықтық бекіту өзгермелі әлеуметтік ортада стабилизатор ретінде сол немесе басқа қызметтік күнделікті, мақсатылы, тұрақты түсінігін береді. Оңтайлы құқықтық бекту ерте кездерін ситуацияларда субъектілердің стантдарт бойынша әр кезде қайта шешім қабылдағанда да босата отырып, құқықтық әсердің процесін тәртіптеу. Құқықтық теорияда келесі құқықтық сананың түрлері кездеседі: Біріккен құқықтық сана – адамдардың бұқаралық ойлауы, олардың эмоциялары, құқық және заңдылық бойынша көңіл-күйі. Тікелей өмір жағдайларынан, олардың практикалық тәжірибесінің әсерінен болған сезімдер.

Профессионалдлық құқықтық сана – заңгер мамандарының ортасында қалыптасқан түсініктер, ойлар, көзқарастар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер. Бұл құқықтық сананың әртүрлілігі құқықтық нормалардағы жүзеге асыруда мәнді рөл атқарады, және олардың демократиялық және гуманитарлық адекваттығынан құқықтық практиканың стильі және рухы тәуелді өкінішке орай, заңгерлердің кәсібі сомасына кемшіліктер де тән, және деформациялар.

Ғылыми құқықтық сана – құқықты меңгерудің теориясын, жүйесін сипаттайтын идеалар, концепциялар, көзқарастар. Қазіргі кездегі қоғамдағы ғылыми құқықтық сананға құқықтың, заңның, саяси конституциялық қатынастардың даму жолындағы жарғылардағы приоритетті рөлі жатады. Бұл құқықтық сананы дамытушы генераторлар мен дамытушыларына ғалым-заңгерлер және ережеге сай мамандандырылған құқықтық профилде мемлекет және қоғамда, жоғарғы оқу орындарындағы орталықтарында жұмыс жасаушылар жатады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы