ҰСТАЗДАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

184 көрілім

Бүгін «Ақжайық» музыкалық мектебінде Президент Қ.Тоқаевтың ел дамуының барлық саласын қамти отырып, стратегиялық бағыттарды айқындаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Аталған жиынға Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары  Хандиллаев Сакен және Мади Аманжол қатысты. Бірнеше оқу ордаларының мұғалімдері мен белсенді жастар жиналған отырыста қалалық мәслихат депутаты Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен мәселелерін кеңінен талқылап, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Алдымен баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз өсіп, өркенбей берсін! Өздеріңізге белгілі ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастаған болатын.  Осыған орай, бүгінгі жинында сіздермен сұхбаттасып, еркін пікір алаңында алдағы елімізде болатын және болып жатқан саяси реформалар төңірегінде сөз қозғауды жөн көрдік. Сондай-ақ, сіздерге Президентіміздің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бірнеше бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көкейлеріңізде жүрген сауалдарға жауап беруг келдік, – деді қалалық мәслихат депутаты С.Мырзанұлы.

Аталған еркін пікір алаңында Жолдау бойынша пайымды пікірлер айтылып, қатысушылар ойларын ортаға салды. Әсіресе, Мемлекет басшысының педагогтар мәртебесін көтеру туралы бастамалыр кеңінен талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша іс-шара қонақтары қатысушыларды алдағы сайлауға белсене  қатысып, Әділетті Қазақстанды құруға аянбай еңбек етуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы