РЕФОРМАЛАР – ДАМУ КЕПІЛІ

471 көрілім

Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында еліміздің одан әрі саяси, әлеуметтік – экономикалық дамуының міндеттері айқындалды.

Ең төменгі жалақыны көтеру, «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын құру, сондай – ақ халықты қолдаудың басқада шаралары ұлттық экономикадағы дағдарыстың орнын толтыруға көмектеседі. Жолдауда өзгертілген Конституцияда белгіленген суперпрезиденттік республикадан бас тарту стратегиясы жалғасады, ол бір мерзімге жұмыс істеу уақытын шектеуге бағыттталған.

Бұл «Жаңа Қазақстанның» демократиялық негізін нығайтып, эволюциялық даму бағытына көшуге мүмкіндік береді. Бұл Жолдауды Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының, экономикалық өсудің және адам капиталын одан әрі қалыптастырудың бағдарларын белгілейтін мемлекетіміздің дамуындағы тағы бір белес деп санаймын.

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы саяси реформаларды жалғастыру үрдісі Әділетті Қазақстанды құрудың негізін қалайды.

Қазақстан Халық партиясы Референдумнан соң Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізуді ұсынды.Біз саяси бәсекелестікті, партиялардың санын арттыруды қалаймыз. Партия көп болса, халықтың да таңдауы көп болады. Реформалар халықтың мұң –мұқтажын орындауға және еліміздің дамуына ықпал етеріне сенімдімін.

Ахмет ЕРАХАН, Қазақстан халық партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы