ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖІГІТТЕР ЧЕМПИОН АТАНДЫ

385 көрілім

Түркия елінің Ыстамбул қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті. “East vs West” турниріне Түркістан өңірінің спортшылары да қатысты. Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы – Түркия өрені, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.

Ал жарыстың ең басты сайысы Қыдырғали Онғарбаев мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Аса тартысты жекпе-жекте жерлесіміз қарсыласын 3-1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Қыдырғали – даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Шардараның қыраны бұған дейін әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы атанған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы