БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ ЕРЕКШЕ БАСТАЛДЫ

522 көрілім

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Күллі әлемді күлкі мен қуанышқа бөлейтін осынау мереке бүгін қаламыздағы «Жібек жолы» аттракциондар саябағында басталды.

Мәдени іс-шараға қала әкімі Н.Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Мұстафаева қатысты.

Жиын барысында дарынды да талантты жасөспірімдер марапатталып, шаһар басшысы атынан аз қамтылған отбасылардың 33 баласына сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, ғылым, спорт, өнер саласында республикалық, облыстық байқауларда топ жарған балаларға адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының атынан сыйлықтар тарту етілді.

 Мерекелік іс-шара соңында бүлдіршіндер мың бұралып би билеп, әсем де әуезді әндер шырқап, ата-аналар мен қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы