ТҮРКІСТАНДЫҚ ТЕННИСШІЛЕР ТОП ЖАРДЫ

877 көрілім

Жақында Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Қосқұлақ ауылында «2022 жыл – Балалар жылы және ТМД-ның халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы» мерейлі жылына арналған үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары көңіл қуантарлық нәтижелерге қол жеткізді.


Атап айтсақ, Мұхтар Сыздықов, Рахат Полатханов, Асқар Пахруддинов сынды бапкерлер баптаған түркістандық өрендер жалпыкомандалық есепте де алдына жан салмады. Ұлдар арасында өткен сайыста «Түркістан-1» командасы 1-ші орынды, «Түркістан-2» командасы 2-ші орынды иеленсе, қыздар арасында өткен сайыста түркістандық бұрымдылар 3-ші орынды місе тұтты.

Жоғары дайындықпен барған жерлестеріміз арасында Марлен Жұмағұл, Абай Жұмағұл, Мейрамбек Сейілбек, Асадбек Юлдашев, Нурислам Махамбет, Жахангир Бакаевтар жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!


Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы