Иманбектің трегі ТМД-да алғаш болып миллиард рет тыңдалды

1  319 көрілім

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов ТМД-да алғаш болып Spotify жүлдесін иеленді. Компания Roses ремиксі 1 миллиард рет тыңдалғандықтан оны марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі платформаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ал қазіргі уақытта оның туындысы 1,5 миллиард рет тыңдалып үлгерген. Иманбек америкалық рэпер SAINt JHN-ның Roses туындысына ремикс жазған болатын. Дәл осы еңбегі үшін ол халықаралық “Грэмми” сыйлығын алды.

“Менің шығармашылығым бүкіл әлемнен жанкүйер тапқанына қуаныштымын. Өзге әлемдік жұлдыздармен бірге Spotify-дың байқағаны одан да қуантты”, – деді Иманбек өзінің жүлдесі жайлы. 
Бұл жүлдеге Билли Айлиш, Трэвис Скотт, Adele сынды әлемдік жұлдыздар ие болған. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы