Депутаттар тұрақты комиссияда не талқылады?

725 көрілім

Түркістан қалалық мәслихатында “Бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі” тұрақты комиссияның отырысы болып өтті. Комиссия төрағасы Тәжібек Қалманұлы мен мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы және депутаттар Сәкен Мырзанұлы, Ардақ Үсенұлы қатысқан отырыста “Түркістан қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспары” талқыланды.

Арнайы баяндама жасап, талқылаған Қала әкімдігінің Сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Кентугаев Айдос өз сөзінде негізі жылжымайтын мүлікті пайдаланудың, құқықтық қалақұрылыстық регламенттерін жүргізу тәртібін анықтайтын құрылыс салудың Түркістан қаласының бас жоспарын жүзеге асыруға арналған негізгі құжат екендігін атап өтті. Сонымен қоса құрылысты жүргізудің негізгі мақсаттарымен фукнционалдық аймақтарына тоқталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы