ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

565 көрілім

Қала әкімдігінде қала әкімі орынбасары Алия Шалхарованың төрағалығымен қала аумағындағы этносаралық келісім мен татулық мәселесі бойынша жиын өтті.

Қалалық прокуратура, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен Түркістан облысы ҰҚК департаментінің 10-шы басқарма басшысы қатысқан шарада шаһар аумағында этносаралық келісім бағытында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. 18 этнос өкілі тұратын облыс орталығында ұлтаралық тұрақтылықты нығайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, қала аумағындағы оқу орындарындағы этносаралық кикілжіңдердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сонымен қатар, ел арасындағы қордаланған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, ұлтаралық ынтымақты нығайту және қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары өкілдерін қатыстыра отырып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізу жайы айтылды. Ұлттық-мәдени орталықтардың жұмыстарын жетілдіріп, қала көлемінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытында жұмыстарды жандандыру, қала мектептерінде ынтымақ пен достықты қалыптастыру мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізу пысықталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы