ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

892 көрілім

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді қаламыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың Жарлығымен облыс орталығы атанған Түркістанның – түркі дүниесінің төрі екенін мақтаныш тұтамыз!

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолдауы мен жеке қадағалауының нәтижесінде қаламыз аз ғана мерзімде танымастай өзгеріп, күннен күнге түрлене түсуде.

Бұл оң өзгерістерде Сіздердің әрбіріңіздің үлестеріңіз бар. Қажырлы еңбектеріңіз ғасырға жүк болатын, осындай толайым табыстарға жетуге мол септігін тигізуде.

Сондықтан да баршаңызды үш мың жылдық тарихы бар Түркістанның туған күнімен құттықтай отырып, төл шаһарымыздың шарықтап дамуы жолындағы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Баршаңыздың отбасыларыңызға толайым табыс, шаттық пен бақ-береке тілейміз!

Түрленген Түркістанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!

Н.ТҰРАШБЕКОВ,

қала әкімі.

М.ТАҢҒАТАРОВ,

мәслихат хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы