ШОРНАҚ ПЕН МАЙДАНТАЛДА ӘКІМ САЙЛАУЫ ӨТТІ

734 көрілім

Сауран ауданына қарасты Шорнақ пен Майдантал ауылдық округтерінде әкім сайлауы өткізілді. Шорнақта алты үміткер бәсекеге түссе, іріктеле келе түркістандық тарихшы Айдос Байжанов пен шорнақтық инженер-құрылысшы Бердәлі Баймұратов сайлауға түсуде. Майдантал сайлау округінен 9 үміткер тіркелсе, олардың ішінен жаңа ихандық заңгер Бауыржан Исаев пен майданталдық қаржыгер Жандос Досболов бәсекелесуде. Шорнақта 2477 адам дауыс беруге тиісті болса, Майданталда 1118 адам дауыс беруге кірісті. Екі сайлау округіндегі әкімдіктен үміткерлердің сайлау алды платформасы негізінен тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын барынша жетілдіру.

Сонымен елдің тікелей жабық үлгідегі сайлауы нәтижесінде майданталдық Жандос Досболовтың, шорнақтық Бердәлі Баймұратовтың аттары озды. Жаңа әкімдерді құттықтаймыз.

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы