ТАНЫМ МЕН ТӘЛІМ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2  072 көрілім

Қаламыздағы орталық кітапханада «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаевтың «Таным мен тәлім» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кешке Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, ұлттық – этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы, ақын Қасымхан Бегманов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков, сазгер Сауран Елеуов, ғалым Досбол Ислам, ақын Сайлаухан Жоланов, «Түркістан» газеті редакторының орынбасары Ләззат Сарыбаева, журналист Ақмарал Ғаниқызы, ХҚТУ-нің өнер факультетінің оқытушысы Жанғали Мұсаев, сондай-ақ, кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар және жас өнерпаздар қатысты.

Жаңашылдықтың жаршысы болған жаңа туындының тұсауын, белгілі ақын, ұлт жанашыры, қара өлеңнің хас шебері Қасымхан Бегманов пен өнегелі қария Пернетай Досыбеков, сазгер Сауран Елеуов кесіп, өз пікірлерін білдіріп, жақсы тілектер айтты. Таным мен тәлімге толы кешті кітапхана саласының еңбек ардагері Әлима Пашанова көркем сөзбен өріп, жүргізіп отырды.

Хайрулла Байділдаұлы өз өміржолы жайлы, өзінің жеткен жетістіктері, осы «Кайдзен» жүйесін Кентау трансформатор зауытында қолға алғандығы және кітаптың шығу тарихы жайлы баяндады. Жиын барысында қатысушылар мен оқырмандар тарапынан кітапқа оң баға беріліп, ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, кітап авторы, қазіргі құндылықтың бірі, жаңашылдықтың жаңғырығы – жапондық «Кайдзен» жүйесін Қазақстан кәсіпорындарына енгізген. (Жалпы «Кайдзен» сөзі жақсылыққа өзгеру деген мағынаны білдіреді екен жапондарда). Нақтырақ айтсақ, Хайрулла Байділдаұлы Қожабаев «Кайдзен» жапондық жүйесінің табыс пен жетістікке жетелейтінін насихаттап, ауқымды бастамаларды нақты жүзеге асырды. Еліміздегі машина жасау саласындағы ең үздік кәсіпорын «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Қазтрансформатор» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС-не, «Орал Трансформатор зауыты» ЖШС-не «кайдзен» жүйесін енгізу нәтижесінде кәсіпорындарда өндірістің тиімділігі артып, табыс пен жетістікке қол жеткізілген. Қазақстан аумағында «Кайдзен» жүйесінің кеңінен насихатталуына, қолданысқа енуіне бірден бір ықпал еткен бірегей тұлға.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы