ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛУДА

1  638 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихат депутаты Рая Ибадуллаева қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.

Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары Жеңіс Құрманбаев өзінің науқас екенін айта келіп, ауруханаға жатқызуын, Гүлнар Раманқұлова көшеге асфальт төсеуін, Мұхамеджан Құрбаналиев көшелеріндегі трансформаторларды ауыстыруын, Шарбан Сәрсенова әлеуметтік көмек көрсетуін, Кулазия Шайырбекова балаларға ойын алаңын салуын, Ләззат Халбекова денсаулығының жоқ екенін алға тартып, ауруханаға жатқызуын, Әбілқасым Жайнақұлов көшелеріне күл-қоқыс төгетін жәшік қоюын, Қадыр Құлсариев жұбайының екі баласын өзіне тастап кетіп қалғанын, жағдайы жоқтығынан балдарын мектеп-интернатқа орналастыра алмай жүргенін айтып, көмек көрсетуін сұрады. Халық қалаулысы Рая Серікбайқызы қала тұрғыны Қадыр Құлсариевтың ұлдарының мәселесі бойынша жедел шешім қабылдап, С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының директоры Әбдіразақ Өтекейге хабарласып, өзі арнайы апарып орналастырды. Сонымен қатар, екі балаға демеушілік жасап, ай сайынғы төлем ақысын өз қаражаты есебінен төлейтін болды.

Бұдан бөлек, қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрбибі Бөрібаева, қалалық мәслихат депутаттары Сәкен Ханділлаев, Ақиқат Абдуллаев, қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Стамқұлов, қалалық емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаевтар бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады. Қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған жоғарыда аталған азаматтар олардың мәселелерін жан-жақты қарап, оңды шешімін табуына ықпал етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы