ХАБАРЛАНДЫРУ!

3  126 көрілім

Түркістан қаласы әкімі аппаратының
«Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс

Түркістан қаласы әкімі аппараты «Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына (азаматтық қызметші) орналасуға конкурс жариялайды. 
Мемлекеттік тіркеу номері: Анықтама (куәлік) №275-1859-ММ 12.11.2020ж.
БСН: 201140015164, Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №28, анықтама телефондары: 8-(725-33)-5-93-16.
 
Түркістан қаласы әкімі аппаратының «Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
(бұдан әрі – Директор), А-блок бойынша, А1-3 (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 90786 теңгеден 110075 теңгеге дейін.
 
            Директор өз жұмысында нормативтік құжаттарда, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады. Еңбек тәртібін сақтайды.
«Түркістан қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына бағынады.
 
Лауазымдық міндеттері: Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық – шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісім-шарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтары шығарады, іскерлік кездесулерде ұйының атынан өкілдік етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсеке қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейін және сапасын, өндіріс қарқындылығын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін кеңінен пайдалану, нарықтық конъюнктураны және озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорынның (Мекеменің) қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның (мекеменің) өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады. Кәсіпорының (Мекеменің) шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруында заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнесті (кәсіпкерлік қызметке) қолдау көрсету мен ауқымын кеңейту мақсатында кәсіпорынның (мекеменің) инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның (мекеменің) мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органдардың кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін, экономиканың және экономиканың тиісті саласының, жалпы Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарын айқындайтын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары, стратегиясы, басымдықтары, ұйымның қызметіне қатысы бар басқа да органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары, ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі, ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резерві, ұйымның өнім өндіру технологиясы, салық заңнамасы, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі, ұйымның шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері, стратегиялық жоспарлау, нарық – сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктура, бәсекелестер, өнім жеткізушілер мен тұтынушылар, ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі, практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару, өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді және озық шетелдік және отандық тәжірибе, ұқсас озық ұйымдар қызметінің тәжірибесі, шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеудің және жасаудың және әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және экономикалық қызмет түрінде тиісті ұйым бейінінде басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс. “Іскер әкімшілік магистрі” ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны дұрыс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
7. Нарко-психо диспансерлердің анықтамалары;
8. Сотталу туралы анықтама.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады. 
 
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ақпараттар құралдарында, соның ішінде
«Түркістан»  газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнінің ішінде
мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Мемлекеттік тіркеу номері: анықтама (куәлік) №275-1859-ММ 12.11.2020ж. БСН: 201140015164, Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №28, анықтама телефондары: 8(725-33)-5-93-16 немесе personal_turkestan@ontustik.gov.kz электрондық поштасына.
 
Әңгімелесу өтетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №28, «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
            Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.
 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы