МӘҢГІЛІК ЖЫР

624 көрілім

Баян Бекетова шығармалары барша жұртқа таныс. Оның жазған поэзиясы жырсүйер қауымның ілтипатына бөленген. Лирика жанрының қас шебері Баян Бекетова биыл 60жасқа толды.
Түркістан қалалық орталық кітапханасында “Аппақ гүлге орайды жыршы бағым” атты шығармашылық кеші аясында ақын Баян Бекетовамен кездесу болды. Жан тазалығы мен қайсарлық танытып, шығыс әйеліне тән асқақ биік тұлғалы қалпын сақтаған қазақ қызы Баян Бекетова ортаға кіріп келгенде күн шығып, нұр тарағандай болды. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Ақын өзі көпшілікпен жарқырап жылы сезіммен жүздесті. Оған риза болған көпшілік те ықыластарын аямады, мақтаныш сезімі билеп ақынмен етене сырласты.
Баян Бекетова өз өлеңдерін оқып, жырларының сырын түсіндірді. “ЖАУАП БЕРЕМ БАМСЫҒА “жырын оқығанда ой санама келген сурет – жібектей есілген, ақ қағазға түскен жан суреті ғой деймін.

Қасиетті қойнауы құт
Қаратау,
Көз алдыма келеді, бұл
ғасыр
мен сол ғасырдың
бейнесі,
жырдың тілі – бозторғайым сөйлеші,
Бамсы сөйтіп,
тауларына тамсанса,
Мол байлығын иеленгеніне арланса,
Банушешектей Айдай анық, Күндей жарық
қалыңдығын Ярташұқтай
сатқын достың аларына қорланса,
он алты жыл гәуірлердің
зынданында зорланса,
адал махаббаттың киесімен,
зұлымдықты ізгілік жеңетұғын
Өмірдің ең ұлы қүрылған жүйесімен
көп жылдан соң тұтқыннан босанып кеп,
озбырларды жатқан жерінде сайраңдап,
оғлан батырлармен астаң-кестең ойрандап,
гәуірлерден кегін алып, мұратына жетсе,
Банушешектей сұлумен бақытты боп,
бауырларымен бірге өмір кешсе –
Үлкен жүректі махаббатынан,
Оттық алып, жалындай
лаулап кетті.
Қаратауыма деген ауылыма деген,
Менен сұрасаң, егер Бамсы кеп,
Мен былай жауап берер ем:
Бейқұт мекен, жері бай,
Қаратаудың бауыры,
Еліме пана болған ғой,
Мейіріміне Панамның –
сияр емес кеудеме,
аясы түгілі жанардың,
сусынына сұлуымның
қалай, қашан қанармын…!

…Құндыздайын бөркіне,
жыр үкісін ең сұлу
қашан, қалай тағармын,
келіп отыр ойпыр – ай,
қара өлеңмен ағарғым.
Тұмарымды танамды,
қара өлеңмен
тағармын.

Бар қазақтың жинақталған сезімі дерсің. Автордың жаны дерсің. Тән шаршайды, тән тозады. Жан өлмейді. Ақын, шын ақынның жан жыры мәңгілік.

Сауле ШОМПИЕВА,
Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұжым жетекшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы