ШАРАПАТЫ МОЛ БАЙҚАУ

729 көрілім

Биылғы жылдың 1қазан айы мен 2021 жылдың 26 ақпаны аралығында республика көлемінде «Қайырымдылық керуені» жобасы өткізіледі. ҚР Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған ІІІ  республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдау басталды.

Бұл жөнінде Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен  өткен баспасөз конференциясында   айтылды.

Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева,  қауымдастық мүшелері Насиба Атаева, Ақмарал Ғаниқызы БАҚ өкілдеріне аталмыш байқаудың өту мақсаты мен міндеттерін  айтып, қойылған сауалдарға жауап берді.

Жиын барысында Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Әбдіғаппарқызы жергілікті журналистерге  сұхбат берді.

-Осыдан екі жыл бұрын республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы қолға алынған болатын. Содан бері бұл байқауға қатысушылар қатары артып келеді. «Қайырымдылық керуені» ІІІ Республикалық конкурсының ұйымдастырушылары ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоры мен Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар» агенттігі, «КТК» республикалық арнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені. Конкурс жеңімпаздары «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне жолдама алып, сондай-ақ жыл бойы БАҚ арқылы жасаған жұмыстары насихатталатын болады. Жобаның мақсаты қайырымдылық идеяларын іріктеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту болып табылады. Бұл байқауға әлеуметтік қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және  заңды тұлғалар қатыса алады,-деп байқау мақсаты жайлы кеңінен айтып өтті  Инара Әбдіғаппарқызы.

Ендеше, «Қайырымдылық керуені» байқауына БАҚ өкілдерінің қатысуларына мүмкіндік мол. Журналистер көмекке зәру адамдар мен оларға көмек қолын созған жаны жомарт жандар туралы материал әзірлеп, жұмыстарын тапсыра алады. Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Тұңғыш Президент Қорының www.fpp.kz сайтынан алуға болады.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы