ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

913 көрілім

Бүгін “Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов праймериз үміткерлерін сайлауалды іріктеуде белсенділік танытқаны үшін құттықтап, алғыс білдірді.

“Түркістан қаласының азаматтары партияішілік сайлауда ерекше белсенділік танытты. Барлық дебаттарды онлайн тамашалап, әр ұсынған бағдарламаның қаланы дамытып, тұрғындарымызға қолайлы жағдай жасау үшін маңызы зор екенін айта кеткім келеді. Бұл белсенділіктеріңіз бұдан кейін де тоқтамай, көрсетілген ұсынымдарыңызды іске асыруға тілектестігімді білдіремін”, – деген М. Серікбайұлы қатысушыларға қоғамдық жұмыстарды бірлесіп атқаруға және Халықтық партияның беделін көтеруге атсалысуға шақырды.

Шара барысында Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет өткен партияішілік сайлауда бастамашылдық пен белсенділік танытқан барша 102 үміткерге өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының атынан алғыс хаттар табысталды.

Жалпы, Түркістан шаһарынан облыс бойынша 106 адам қатысып, көш бастаған болатын. Дегенмен, пікірсайыс кезеңінен бастап 4 азамат денсаулық және отбасылық жағдайына байланысты бас тартты. Қатысушылардың 69-ы ер азамат болса, 33-і әйел адам.

“Түркістан-ақпарат”.



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы